36.Қазақстандағы топырақ типтері - Жаңа сабақтар - Новые уроки - Сабақтар-Уроки - Әдіскер - Ұстаздың ең жақын көмекшісі
Суббота, 10.12.2016, 15:39
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Файлы » Жаңа сабақтар - Новые уроки

36.Қазақстандағы топырақ типтері
08.08.2012, 16:12
С/тақырыбы: 36.Қазақстандағы топырақ типтері
С/мақсаты
Біімділігі:Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерінің қасиеттері мен топырақтың негізгі түрлеріне анықтама беруге үйрету.
Тәрбиелілігі: Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызыметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.
Дамытушылығы: оқушылардың өй өрістерін дамыту.
Көрнекілік: Қаз физ. атлас картасы. Оқулық. Кескін карта карандаш
Пән аралық байланыс: биология, тарих
Сабақтың барысы: оқушылармен амандасу, үй тапсырмасын тексеру.
I.Ұйымдастыру:
II.Үй тапсырмасын тексеру: 35 Қазақстан топырағы.
III.Үй тап.қорытындылау:
1) Топырақ дегеніміз не? (топырақ дегеніміз – Су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстардың үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым.
2) Топырақ құраушы факторларды атаңдар? (су, ауа, жылу, өсімдік,тірі ағзалар әсері, тау жыныстарыңың үгілуі)
3) Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? ( топырақтың механикалық құрамыына топырақтың ірілі және кішілі минерал бөлшектерінің жиынтығы жатады.)
4) Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады? (жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады да шірінді мөлшерін көбейте түседі)
5) Құрылымды топырақ қандай топырақ? (шірінді мен кальциге бай және құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ)
6) Құрылымы жоқ топырақ қандай топырақ? ( Құрылымында түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ дейді)

Жаңа сабақ жоспары:
1. Топырақтың түрлерімен танысу
2.Топырақтың пайда болу жағдайы.
3.Топырақтың негізгі қаиеттерімен және топырақты қорғау шаралары танысатын боламыз.
IY.Жаңа сабақ
Еліміздің топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі.Жалпы топырақ табиғат зоналары бойынша таралады және айқын байқалады. Негізінен 3 топырақ зоналарына бөлінеді.
1- Қара топырақты зона (52⁰ с.е. солтүстігінде)
2- Қара қоңыр топырақты зона (52⁰ – 48⁰с.е. аралығында)
3- Қоңыр сұр қоңыр топырақты зона (52 ⁰– 48⁰ с.е. аралығында)

1)Қара топырақты зона – Еліміздің сол –гінде таралған. Бұл зонаға Сол – к Қаз-н облысын түгелімен , Қостанай обл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Орал облыстарының сол –к бөлігін қамтиды. Қара топырақты зона Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5% - ын) алып жатыр. Бұл топырақ зона 3 зона аралығына бөлінеді: 1 – сілтісізденген қара топырақ – орманда дала табиғат зонасының оңтүстігінде азғана бөлігін алып жатыр. 2 – кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы – дала зонасына тән. Құнарлығы жағына келсек 2 зонаныңда гумусы (қара шіріндісі) мол 6- 8% ал оңтүстігінде қара топырақтың шіріндісі аздау 4 -6%. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған. Бұл топырақты зона республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
2) Қара қоңыр топырақ зонасы – қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан топырақ зонасы. Бұл қара қоңыр топырақты зона Орталық Қаз- нның көп жерін , Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қаз –н облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе (34% - ын алып) жатыр.Бұл қара қоңыр топырақ зонасы да 3 зона аралығына бөлінеді:1 –қуаң даланың күнгірт қара қоңыр топырақтыөңірі,
2 – қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі;
3 – шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Бұл топырақ зонасының құнарлығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі.күнгірт қара топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы 4,5 – 3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырақтың гумусы азырақ 3,0 – 2,0%. Қара қоңыр топырақ зонасының сол – гінде астық өндіру мен ал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі. Осы топырақ зонасының оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Бұл топырақтың гумусы аз сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.
Топырақты эрозиясы және топырақ эрозиясы ; Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Еліміздің 70 млн гектардан астам жерлері эрозияға бейім жерлер болып келеді.Соның 52млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн – нан астамы су эрозиясына бейім
Топырақ эрозиясының түрлері

Топырақтың жел эрозиясы
Таудағы эрозия Топырақтың су эрозиясы
Жел эрозиясының басым болуы , біріншіден Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы, екіншіден күшті желдің соғуы, үшіншіден топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл топырақтардың молдығы. Сондықтан бұндай жерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Су эрозиясы – топырақты шайып кету және жыра эрозиясы деп екіге бөлінеді. Көктемде қар ерігенде, нөсер жаңбыр жауғанда ағыл - тегіл су топырақты шайып, құнарлы қабатты ағызып әкетеді.Егер топырақ бетінде өсімдік мол болса , топырақ қабаты аз шайылады.
Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып оңтүстік және сол –к аймақтардың жел , су эрозияларын зерттеп , күресу шараларын ұсынды.
Жалпы эрозиядан сақтану жолдары төмендегідей жұмыстар жүрілуі қажет:
1. Егістік маңына ағаш отырғызу
2. Агротехникалық шаралар жүргізу
3. Ауыспалы егіс айналымын сақтау
4. Қар тоқтату, тыңайтқыштар себу
5. Жерді аудармай жырту
6. Тау беткейлерінен көлденеңінен сатылай жырту
7. Селге қарсы құрылыстар салу.
8. Құм тоқтату
9. Бұл шаралар топырақтың жел, су эрозиясына ұшырауларын азайтады.

V. Жаңа сабақты қорытындылау
Синквин әдісі
Зат есім (кім? не?) – топырақ
Сын (есім қандай?) - қара, қоңыр қара,қоңыр сұр
Сан есім (қанша?неше?) - елімізде үш топырақ зонасы бар
Етістік ( не істейді? Қайтеді? ) - Топырақ су және жел эрозиясына ұшырайды
немесе адамдар топырақ эрозиясына қарсы күрес шараларын қолданады.

1) Қазақстанда қандай топырақ түрлері бар? Өз облыстарыңның топырағы қанадй?
2)Топырақтың гумусы деген не және ол оңтүстікке барған сайын неге азая береді?
3) Топырақ эрозиясы деген не?
4(Топырақ эрозиясымен күресу шаралары барма?
5) Өздеріңнің тұрған жерлерінің ауыл шаруашылық мамандары эрозияға ұшыраған топыраққа қандай шаралар қолдануда болса айтып бер?

6.Үйге тапсырма.
VI.маз.Кескін картаға топырақ зоналарын түсіру.

VII.Бағалау
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Nur
Просмотров: 4568 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2016
Сайт управляется системой uCoz