Четверг, 28.03.2024, 21:52
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Файлы » Жаңа сабақтар - Новые уроки

53. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер
08.08.2012, 16:11
Географиялық белдеулер мен зоналар
Сабақтың тақырыбы: 53. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жер шарының климаттық белдеулерге бөлінетіні және соған байланысты табйғат зоналарының қалыптасыу туралы мәлімет беру.
Тәрбиелілігі: Табйғаттың қалыптасуына осы климаттық белдеулер мен зоналар екенін түсінуге.
Дамытушылығы: Климаттық белдеулердің мағынасын түсінуге және ой өрістерін дамытуға.
Пән аралық байланыс: Биология
Көрнекілік: плакат, оқулық, дәптер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: Оқушылардың психологиялық жай күйін қарау.
II –III. Үй тапсырмасын сұрау: 52.Географиялық қабық.


Мотивациялық кезең - яғни үйге берілген тапысрманы сұрақтар қою арқалы.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылардың іс әрекеті

Проблемелық сұрақтар арқылы

1. Географиялық қабық деген не?

2. Географиялық не үшін керек?

3.Географиялық қабықтың өзіне тән ерекшелігі барма? болса айтып бер

4.Жер шарының ең үлкен табиғат кешені?

5. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері нелер?

6. Географиялық қабықтан кейінгі жер бетінің табиғат кешендері нелер?

7. Осы айтылған кешендердің қайсысы айқын көрінеді?


"Ой қозғау" стртегиясы бойынша жауап беріледі
1. Атмосфера , литосфера және гидросфераның тоғысын, бір – біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығын - географиялық қабық дейді.
2. Жердің барлық қабықтарын бір – біріне байланыстырушы.
3. Өзіндік ерекшелгі өте зор. 4 түрлі ерешелігі бар
1)Жер қабықтарының әр қайсысы бір ғана заттан тұрады, мыс: атмосфера ауадан деген сияқты. Ал географиялық қабықтың заттық құрамы күрделі оған заттардың барлығы кіреді.Сондықтан үлкен кешенге ие.
2)Ағзалар тек географиялық қабықта тіршілік етеді.
3) Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей барлығы геогрфиялық қабыққа шоғырланады.
4)Географиялық қабық құрамы күрделі болғанымен,біртұтас дүние.

4. Гографиялық қабық.


5.Табиғат компоненттері.мыс:

6.Материктер мен мұхиттар.

7. Мұхитқа қарағанда құрлық бетіндегі кешендері айқын көрінеді . құрлық табиғат аймақтарына, аймақтар онан әрі кіші бөліктерге бөлінеді мыс: Сарыарқа, Тянь – Шань.Шағын ьабиғат кешендері: өзен жайылмасы, тоғай, көл жағасы, сай .



IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті

Жаңа тақырып жазылады тақтаға.
53. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.
Плакаттан белдеулерді көрсету арқылы қысқаша түсінік беру.



Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады.Зоналық заңдылық – табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс. Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен ерекшеленеді. Сол-к және оң – к жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді.


Экваторлық
----------------------------субэкваторлық
Тропиктік
-------------------------------субтропиктік
Қоңыржай
-- --------------------------субарктикалық
полярлық
негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады.өтпелі белдеулерге «суб» латынша кіші деген сөз қосылып жатады.
Әрбір географиялық белдеу географиялық зоналар жиынтығынан тұрады.Зоналар ондағы басым өсімдік жамылғысының атымен аталады.
Экваторлық белдеу-экатордың 2 жағын бойлап созылып жатады. Эк -р белдеуінің климаттық жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді. Жазда да қыстада тем жоғары 25⁰ – 30⁰С.Жау.шашын жыл бойы біркелкі таралады. Эк –р белд.не күн сайын, әдетте түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді.Жылумен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануар –ң мекендеуіне қолайлы. Орман қалың өсетін алуан түрлі мәнгі жасыл өсімдіктерден тұрады. 1 га жерде ағаштың жүздеген түрі өседі. Лианалар мен эпифиттер өседі. Күн сәулесі ағаштың түбіне жетпейтіндіктен мұнда бұта аз, шөптесін өсімдіктер сирек кездеседі.
Субэкв-қ белдеу-Эква-қ ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл 2 маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөлінеді..бұл белдеуде ауыспалы ылғалды ормандар таралған.құрғақ кезең 5-6 айға созылатын жерлер саванналы болып келеді.Саваннаның өсімдігі ұзаққа созылатын құрғақшылыққа бейімделген.Шөптері жапырағы қатқыл, жіңішке, тікенектері астық тұқымдастардан тұрады.Олардың биік болуы соншалықты кей жерлерде арасынан аатты адамдар көрінбейді екен.Ағаштары аласа тікенекті, діңдері су жинауға ыңғайлы жуан болып келедеі мыс: баобаб, шөлмек ағаш т. б.

V.Жаңа сабақты қорытындылау

Венн диаграмасы бойынша ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Экватолық
белдеудің айырмашылығыі
екі белдеудің ұқсастығы Субэква -қ
белдеудің
айырмашылығы
Жыл маусымға бөлінбейді темп-ра бүкіл жыл бойы біркелкі.жазда да қыстада тем жоғары.күнсайын әдетте түстен кейі жаңбыр жаады. т.б
Екеуі де климаттық белдеу.
Өзіндік ормандары бар. Т.б

Жыл 2 маусымға бөлінеді бірі 2-3 айға созылатын құрғақ жылы қыс пен 5-6 айға созылатын жаңбырлы жаз.т.б

VІ.Үйге тапсырма: 53.маз. кескін картаға
эква-р және субэк-р белдеулерін түсіру.

VII.Бағалау

Сабақ аяқталды үзіліске шыға беріңіздер оқушылар.
Даптерлеріне күнді және сабақтың тақырыбын жазады, сабаққа қарасты материалдарды қарастырады.

Суб сөзінің мағынасын дәптерге жазып алу.

Оқушылар даптерлеріне экваторлық белдеу мен субэкваторлық белдеудің ұқсатығы мен айырмашылығын бөліп жазу.

Оқушылар күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алу.

Алған бағаларын күнделіктеріне қойдыру

Оқушылар үзіліске шығады.
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Nur
Просмотров: 11835 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz