Четверг, 28.03.2024, 12:05
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Файлы » Жаңа сабақтар - Новые уроки

ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
31.07.2012, 19:37
Баяндама:
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Жоспары:
І. Кіріспе
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды
Нәтижеге сараптама

І. Кіріспе
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. [1.4] Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:[3.4]
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және
биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Зерттеудің міндеттері: Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдіке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.[2]
Зерттеудің жетекші идеясы: Жалпы білім беретін орта мектептерде болашақ ұрпақты заман талабына сай оқыту - кәсіби даярлықтарын жетілдірудің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Таным теориясының физиологиялық негізі және оған жеке тұлғаның даму тұрғысынан келу; орта білім беру жүйесін жаңаша әдсі – тәсілдерін құру тұжырымдамасы; орта білім беру орындарында оқыту және білім беру процесін ұйымдастыру теориясы мен практикасы.
ІІ. Негізгі бөлім
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
Білім-қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашаыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Өзімнің 9-сыныптарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен оқушыларға өткен тақырытарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бередім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. [3.5]
Олар мыналар:
- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру.
Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызыметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру. Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады. Жаңаша әдсітерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынгықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.
Өзімнің 5 сыныпқа өткізген сабағымды ұсынамын:
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жүгірулер
Мақсаты: а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру. Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Саб. Өтетін орны: Спорт зал
Сабаққа керек құралдар: Доп, жалауша,шеңбер, секіртпе,
кедергілер, үлкен доп, асық, қоржын.
Сабақтың барысы: жаттығудың орындалу уақыты
Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау
І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Сыныпты сапқа тұрғызу.
Мәлімдеме қабылдау
2.Саптық жаттығулар.
3.Жалпы дамыту жаттығуы.
а)жүру,жүгіру жаттығулары
ә)құралсыз орындалатын
дамыту жаттығулары.
ІІ. Негізгі бөлім
Сабақтың тақырыбы. Эстафеталық жүгірулер.
1.Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау. (Толағай. Намыс дода)
Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.
Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді. Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.

2.Сыныпты екі топқа бөлу,
Эстафеталық жүгірулердің түрлерін таныстыру.
(Әр ойыннан кейін сергіту жаттығуы ойнатылып тұрылады)
Команда болып жүгіру( пойыз)
Кедергілер арқылы жүгіру
Доп тасу ойыны
«Бақалар» ойыны
Секіртпемен жүгіру ойыны
«Допты ұста» ойыны
«Қос аяқтар» ойыны
«Теңге алу» ойыны
«Мергендер» ойыны 15 минут
Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын бақылау.
Жаттығуларды қатесіз орындату.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту.
Екі топтағы ойыншылардың теңдігін бақылау.
Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.
Мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерін, ойын түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау.
Әр ойынды бағалап,қоржынға асық салынып тұрады.
Сабақтың барысы Жаттығудың орынд.уақыты Ұйымдастыру,
әдістемелік нұсқау
ІІІ. Қорытынды
Әр қоржындағы асықтар санын қосып, жеңімпаз топты анықтап,мадақтау.
Үйге тапсырма: Эстафеталық ойындарды түрлендіру.
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды бағалау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.
Сабақты қорытындылау.

«Дарабоз» топты мадақтау.
Сергіту сәті
Бағалау(қоржыннан асықтарды санау)

Сабақ барысы кезінде
Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану.
Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады. Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады. Дене шынықтыру сабағында 5-6 сыныптарға сергіту сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталуды, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді. Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келулері керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.

Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда:
Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы, инновациялық құралдарды пайдалана отырып, өткізген сабақтарым төмендегіше құрылып, өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: "Акробатикалық жаттығулар”
Мақсаты:
1) Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту.
2) Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
3) Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Өтетін орны: Спорт зал

Керекті құралдар: Гимнастикалық төсеніштер, ысқырғыш, мультимедиялық тақта.т.б
Әдісі: Түсіндірме, практикалық
Түрі: Жаңа сабақ
Негізгі бөлімі: 20-25 минут
1. Сапқа тұру
2. Жаңа сабақты түсіндіру,тақырып пен мақсатымен таныстырып өту.
3. Көрекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орндату.
5. Қазақстандық гимнасшыларға тоқталу
1- жаттығу. Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу.

2-жаттығу. Алға қарай домалап түсіп, түргелу және қарсы лақтырылған волейбол добын қағып алу.
3-жаттығу. Қолды тіреп отыру ж/е төмен басылып отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.

4-жаттығу. Артқа домалап, жаурынға тұру.

5-жаттығу. Қарлығаш бинесін салу.

6-жаттығу. Көпір салу

7- жаттығу. Аяқты кеуде тұсқа құшақтай отырып алға қарай домалап түсу

Слайдтан көрсетілетіндер:
Қазақстанның гимнастикалық, акробатика жаттығуларынан
олимпиада жеңімпазы.
ӘЛИЯ ЮСУПОВА

Бейджин олимпиадасындағы кезінде.

Қорытынды бөлімі. 5-минут
1. Сапқа тұру
2. БҮҮ-стратегиясы
3. Үйге тапсырма "Акробатикалық жаттығуларды түлерін орындау”
4. Бағалау
Б Ү Ү-стратегиясы
Білетінім Үйренгенім Үйренетінім

Тақырыбы: Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол)
Мақсаты:
1. Оқушыларға волейбол онында допты төменнен қабылдау әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту.
3. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Мультимедиялық проектор, доп, көрнекі суреттер.т.б.
Өтетін орын: Спорт зал.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Түсіндірме, практикалық.
І. Ұйымдастыру бөлімі: 2минут
1. Сапқа тұру -------1мин
2. Мәлімдеме қабылдау, түгендеу---------1мин
Даярлық бөлімі: 13минут
1. Саптық жаттығулар орындау( Оң ж/е солға бұрлу, кері бұрлу)--1мин
2. Алаңда жәй жүру ж/е жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздырынатын жаттығулар жасау----5мин
3. Орындарында орындалатын әр түрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 5мин
4. Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен
қабылдау жаттығуларын жасау –2мин

Допты жоғарыдан қабылдау әдісі.

ІІ. Негізгі бөлімі: 20-25 минут
• 1. Сапқа тұру—1мин
• 2. Жаңа сабақты түсіндіру, тақырыппен, мақсатымен таныстырып өту. --2-мин
• 3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету. --7мин
• 4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын түсіндіру, практика түрінде орындату. --5мин
• 5. Екі жақты ойын: «Волейбол» 6х6—7мин
• 6. Қызылқоғалық волейболдан спорт шеберлерін таныстыру.-3мин
Қысқаша жаңа сабақты түсіндіру:
Жасөспірімдер 13-14жастағылар 15-16жастағылар 17-18жастағылар
Ер балалар
Қыз балалар 2м 20см
2м 10см 2м 35см
2м 20см 2м 43см
2м 24см
Волейбол торының еденнен биіктігінің өлшемін көрсету.
Волейбол ойыны- еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті-жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен.

Жаңа сабақты практикалық түрде түсіндіріп, орындату:
1-жаттығу

Волейбол добын төменнен қабылдау әдісі.
(Қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі)

2-жаттығу

Допты қабылдаудағы негізгі әдіс.
(Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын орындайды)

3-жаттығу

Допты қайтару әдісі, соғу.
(Допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек)
4-жаттығу

Допты төменнен қабылдау кезіндегі жоғары көтере отырып шығарып жіберу әдісі.
(Бұл жерде допты келесі жаққа шығарып жібереді)

5-жаттығу

Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі.
Келесі кезекте: Сынып екіге бөліу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді.
6х6 Екі жақты ойын: «Волейбол»
Қызылқоғалық волейболдан спорт шеберлерін таныстыру
(Слайд түрінде көрсету)

Матеуов Ернар Ернардың Иран еліндегі жарыс кезінен.

Қызылқоға ауданның намысын волейболдан қорғап жүрген, Сағыз құрама командасының мүшелері аудан әкімінің қабылдауында.
«Оралға, Атырауға, т.б қалаларға бірнеше рет барған волейболшыларымыз»

№9 орта мектептің волейболдан қыздар командасы аудандық оқушылар спартакиадасында «І орынға» ие болған сәттері.
ІІІ. Қорытынды бөлімі: 5-минут
1. Сапқа тұру--1мин
2. БҮҮ-стратегиясы –1мин

3. Үйге тапсырма "Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу”-1мин
4. Бағалау—2мин
Сабақты қортындылап:
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді

Бұдан қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында:
Алдымен оқушының «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету.
Оқушының «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет.
Оқушының «Қайда?» деген сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет.
Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты.
ІІІ. Қорытынды
Нәтижеге сараптама
Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым;
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.

6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыданқалыптастыруға мән беру керек. Зерттеу жұмысымда байқағанымдай өзім сабақ беретін және арнайы қосымша жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларым мынадай жетістіктерге қол жеткізе отырып, нәтижесін көрсете алды. Мектепішілік, аудандық, облыстық спорттық сайыстардан оқушыларым 2008 жылы аудандық ІV жазғы оқушылар арасындағы спартакиада да «Шахмат» ойынынан Оғланбаев Самат І орын, 2010 жылы V жазығы спартакиада да «Үздік ойыншы» атағына ие болды. 2011 жылы селолық жастар арасындағы «Дойбы» сайысында І орын. 2011 жылы Оғланбаев Наурыз селолық жастар арасындағы «Дойбы» сайыснда ІІ орын, Сағидоллаев Нұржан ІІІ орынды иеленді. 2008 жылы «Дойбы» сайысында Тілектесова Әйгерім, Дидар Нұрбол аудандық ІV спартакиадасында ІІІ орын, облыстық спартакиададан ІІ орын және «Күміс медаль» иеленді. 2011 жылы аудандық «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткен «Тоғызқұмалақ» сайысында Балықбаев Асылбек, Демеуов Наурызбай, Ерболатқызы Айзада «Арнайы дипломмен» марапатталды.
Жұмысымның нәтижесінде:
1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады.
4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.
2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы
3.«Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж.
4 Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.
5. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Nur
Просмотров: 20018 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Ғалымқызы  
0
Баяндамаңыз   жақсы  құрылған  маған  ұнады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz