Четверг, 18.04.2024, 21:01
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Файлы » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Сыныптан тыс шараларда оқушылардың ұлттық дүниетанымын халық тағылымдары арқылы қалыптастыру тәжірибемнен.
31.07.2012, 19:42
Баяндама:

Сыныптан тыс шараларда оқушылардың ұлттық дүниетанымын халық тағылымдары арқылы қалыптастыру тәжірибемнен.

Жоспары :
І. Кіріспе
Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптасыру өмір талабы.
ІІ. Негізгі бөлім
Оқушылардың ұлттық дүние танымын дамыту өлшемдері мен көрсеткіштері.

Сыныптан тыс шарада оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама.

І. Кіріспе
Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру өмір талабы.

- Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің қалыптасуына да қоғамның рухани-мәдениетінің даму деңгейі мен салт-санасы ықпал етеді. Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптасудағы ауқымды орын алатын компоненттердің бірі - дүниетаным. [1.2.]
- Профессор С.Қалиев өзінің ұсынған өз зерттеулерінде ұлттық ерекшеліктердің этностардың арасында әлеуметтік тұрғыда көрініс алуына өзіндік пайымдаулар жасайды.
- Профессор С.Қалиевтың тәрбиелеушілік – халық ауыз әдебиеті жанырларындағы тәлімдік ойлар, халық шығармашылығының озық үлгілерінен заман ағымына сай жаңғырып, тұрмыста қолдана білу бейімділігі. Тәрбиелік шараларды жоспарлауда халықтық педагогиканың ғылыми педагогикамен байланысы негізінде халық қағидаларының ғылыми педагогикалық талаптарды ұсынады.[3.2].
1. Жас мөлшерін есепке алу.
2. Болмыс ерекшелігін ескеру.
3. Бала тәрбиесінің ортаға, отбасына байланыстылығы.
4. Баланың жеке басын қадірлеу.
5. Жасына сай ақыл – ойын дамыту.
6. Тәрбие мазмұның біртұтастылығы.
7. Тәрбиенің үзіліссіздігі.
8. Ұжымдық тәлім – тәрбие.
Міне, осы бағытарды ұстана отырып өзімнің ізденіс үстіндегі іс-тәжірибелік жұмысымды пайдаға асыру мақсатында ұлттық тәрбиенің негізін басшылыққа ала отырып, жұмысымды ұсынамын. Менің, өткізген тәрбиелік шараларда жоғарыда айтылған талаптар оқушы дүниетанымын дамытудың негізі болды деп білемін.
- Адамның дүниетанымының мазмұны психологиялық болмысында.
- Дүниетаным тұтастығы мен көз жеткізу деңгейі қоғамдағы түрлі қызығушылықтардың қарама – қайшылықтарынан көрініс алады.
- Адамның қоғамдағы орнындағы саналық сапасы.
- Қажеттілікпен қызығушылық сипаты мен мазмұны.
- Жеке қасиеттердің түрліше көрініс алуы.
Зерттеудің болжамы: Аталған сипаттамалардың өмірде көрініс алуынан жеке тұлға қалыптасуының факторлары анықталады. Жеке тұлға қалыптасуының факторларын сызба түрінде бейнелесек. Оқушылардың дүниетанымын дамытуда олардың эмоционалдық өрісін ескеру қажет.

Жеке тұлға
Жеке тұқым қуалаушылық Тәрбиелік орта Болмыс Еңбек әрекеті Қарым - қатынас
Кемелденген жеке тұлға Әлеуметтік фактор Жоғары нерв жүйесінің физиологиясы
Кеңістік орта Анатомо - физиологиялық ерекшелік Іс – әрекет орта
ІІ. Негізгі бөлім
Оқушылардың дүниетанымын дамыту өлшемдері мен
көрсеткіштер
Себебі эмоционалдық қарым – қатынас арқылы жоғарыда айтылған білім қоры оқушылардың идеялық көзқарастарын, адамгершілік сапалары халық қағидалары негізінде қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыруға «Атадан қалған асыл сөз», «Ұлдан ұлағат, қыздан қылық», «Ата мен әже ісі бізге өнеге» тақырыбында іске асырылды. Аталған интеллектуалды және эмоционалды саналар оқушылардың дүниетанымын дамытуда іс – әрекет – тәжірибе арқылы көрініс береді. Б.Өтешова [2]
Оны біз оқушылардың қалыптасқан дүниетанымдық бағыты, оның азаматтық бейнесі арқылы бағдарлай аламыз. Әрине, іс – әрекетке – тәжірибелік сапалары.
қалыптасу үшін міндетті түрде оқушыларды іс – әрекетке, интергративтік түрде ұйымдастырлған шаралар арқылы жүзеге асырамыз. Мысалы , пікір алысу, іскерлік рөлдік ойындар өткізу, көзқарас сабақтары, педагогикалық жағдаяттар шешу, танымдық сайыстар өткізу
( қосымша схема ) арқылы көрсетсем төмендегідей алуға болады.
Ұлттық дүниетаным құрлымы : 1. Ойлау
2. Сенім
3. Қатынас
4. Қөзқарас
5. Білім
6. Әрекет
7. Парасат
8. Ұлттық сана
9. Ұлттық болмыс
10. Ұлттық молраль
11. Ұлттық ойлау
Себебі, тек қана іс – әрекет жүзінде баланың ішкі позициясы, дүниетанымдық бағыты айқын көрініс бере алады. Оларды мен арнайы ұйымдастырған сыныптан тыс шарамда байқадым. Олар «Тағылымы мол-Наурыз мейрамы», «Көргені жақсы көш бастайды» т.б. [1.6.]
Жоғарыда айтылған оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, іс – әрекет – тәжірибелік сапаларының қалыптасқандығы мен төменде көрсетілген бағалау өлшемдері арқылы айқындадым. Қосымша схема арқылы былай алуға болады.
Дүниетаным : 1. Экологиялық көзқарастар
2. Эстетикалық көзқарастар
3. Саяси көзқарас
4. Құқықтық көзқарас
5. Діни көзқарас
6. Педагогикалық
7. Этикалық
8. Әлеуметтік психологиялық
9. Философиялық
Сонымен бірге бағалау өлшемдері төмендегіше :
- Дүниеге философиялық, ғылыми көзқарастары.
- Мінез–құлығындағы көрініс, моралдық – этикалық талаптарды орынлауы, қабылдауы.
- Іс – әрекетінде пайдалануы.
Зерттеу барысында аталған өлшемдердің үш деңгейін есепке алдым. Олар: жоғары, орта, төмен. Жоғары деңгей – халық тағылымдарын қызығушылықпен қабылдап, оның әлеуметік түрлерін іс жүзінде пайдалану дағдылары біршама қалыптасқан және тәрбиелік мүмкіндіктерін түсініп бағалай алуы.
Орта деңгей – халық тағылымдарының танымдық, тәрбиелік мәнін түсінуге құлшынысы бар, бірақ тұрмыс – тіршілікте пайдалануы жүйелі қалыптаспаған.
Төмен деңгей – халық тағылымдарының танымдық мәніне көңіл бөлмейді, тұрмыс – тіршілікте пайдалану дағдылары қалыптаспаған.
Аталған деңгейлердің нәтижесін шығаруда 8 – сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргізген болатынмын. Сауалнама мақсаты – оқушылардың дүниетанымын анықтау бағытында таратылды. Оған 83 оқушы қатынастырылды. Соның ішінде менің 8 В сыныбымда 26 оқушы тапсырған болатын. Соның нәтижесіне көрсетілгені.
Нәтижесінде оқушылар дүниетанымын халық тағылымдары негізінде қалыптасудың мынадай олқылықтары байқалды.
- Қоғамда, отбасындағы тіршілікте баладан сұраныс болмауы, әрі тұтынуға деген қажеттіліктің туындамауы.
Сауалнама сұрақтары төмендегіше берілді. [6]
1. Әр халықтың сәлемдесу мәнерін қалай түсіндірер едің ?
2. Отбасы туралы түсінігің ?
3. Әке мен анаға байланысты туыстық атауларды ата?
4. Тыйым сөздер не үшін қажет ?
5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен ?
6. Бата түрлерін ата, бата алу неге қажет ?
7. Отбасыдағы перзенттің орнын ескерудің мәні неде?
8. Қарашаңырақ, отау шығару ұғымдарын қалай түсінесің?
9. Ұлттық қол өнер түрлерін ата?
10. Санаға байланысты халықтың ұғымдарынан не білесің?
11. Халықтың қарапайымдылық, көмектерін атап бер?
12. Маусымдық мерекелерді ата?
13. Бір мүшел (13 жас) жасқа байланысты рәсім, жоралғыларды білесің бе?
14. Той түрлерін ата?
15. Наурыз мейрамының ерекше белгілерін атап бер?
Халықтың салт - дәстүр, әдеп – ғұрыпын, ырымдар мен тыйымдарды атап беруде, танымдық тәрбиелік мәндерін ашыуда өзіндік пайымдаулары
төмен көрінді. 26 оқушының 5 озаты ғана жауап берді. Нәтижесі сапа көрсеткіш пен көрсетсем 26 оқушыдан 19% пайыз болды.
Сыныптан тыс шарада оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру тәжірибемнен
Оқушылардың халық тағылымдарын қаншалықты меңгергені туралы сауалнама, тестік жұмыстар арқылы білім мен тәрбиенің бағытында деңгейі айқындалды. Кіріктірле жоспарлаған халық тағылымдарының танымдық мәнін ұтымды пайдалануда теориялық және практикалық білім жіне тәрбие шаралары мазмұнды мағұлматтар сәйкес қосымша іс-шаралар жүргіздім.[3] Кіріктірле жоспарлаған шаралардың мазмұнды мағұлматтар оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың маңызы да мүмкіндігі мол екенін дәлелдеді. Сол мақсатта мен 8-сыныптар арасында өткізген тәрбиелік шарм тақырыбы «Атадан қалған асыл сөз» мақсатында – оқушылар бойына әдептілікпен алғырлық қасиеттерді қалыптастыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, ұлы ғұламалардың сөздерін жатқа айту қабілеттерін дамыту. Адам бойындағы ұнамды – ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу ( қысқаша берілді, осы жерде тәрбие сағаты кетеді).
Тақырып: Атадан қалған асыл сөз
Мақсаты: Оқушылар бойына әдептілік пен алғырлық қасиеттерді қалыптастыру,ұлы ғұламалар сөздерінжатқа айту қабілетін дамыту, адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды айыра отырып аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Мазмұны:-ұлттық дүниетанымды дамыту;
-атадан қалған асыл сөз жұмыстарын ескерту.
Ұйымдастыру кезеңінде:
Кіріспе.
Мұғалім: балалар, асыл сөздерге қандай сөздерді жатқызар едіңдер?
Оқушылар осы уақытта былай жауап береді: Мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, бата, аңыз-әңгімелер.
Ендеше бүгінгі біз шарамызда аталы сөздер мен балар өсиеттерімен толық танысатын боламыз.
І бөлім.
«Ескірмейтін есті сөз»деп аталады.
Оқушылар бұл бөлімде мақал-мәтелдер айтып шығады. Мақал-мәиелдер айтуға он оқушы қатыстырылады. Бұл бөлімнің негігі міндеттері оқушылар халық тағылымдарын білім мазмұны арқылы адамзаттық тәрбиемен ұштастыру.
Нәтижесі: ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық сана ұғымдарының мәнін ұғынып, өзіне жетекші идея ретінде ұсынады.
ІІ бөлім.
Көрініс қойылады
Абылай хан мен батыр арасындағы шешендік тұрғыдағы айтылған мағыналы сөздерді айтып өтеді.
Мазмұнында:
-оқушылар шешендік сөздерді еске сақтау қажет.
-адамзат бойындағы жақсы қасиеттерді тұту.
Міндеттеріде:
Дүниетанымдық пайымдауларын ой елігінен өткізіп, ұлттық рух, намыс ұғымдарын ақиқатын ұғыну болып табылады.
Нәтижесі:
Туыстық қатынастардың танымдық, әлеуметтік, тағылымдық мәндерінің сабақтастығын ажыратады, «үш жұрт» ұғымының қалыптасу мәнін түсінеді.

ІІІ бөлім.
Ырым-тыйымдар білеміз бе? деп аталады.
Бұл бөлімде қазақ халқының ырым-тйымдарын кезек-кезек атап көрсетеді.
Міндеттері:
Бұрынғы кезеңде ұғым болып қалыптасқан ұғымдардың танымдық мәніне үңілуге ұмтылдыру, ой салу. Оқушылар ырым-тыйымдар туралы түсінік алады.
Нәтижесі:
Қазақ халқына тән жауапкершілікті, парызды толық мойындайды, ескереді.
ІV бөлім.
Асылдың сөзі-ақылдың кені деп аталды.
Бұл кезеңде оқушылар Абыз ата, Қазбек би, Марғасқа жырау, Тәттіқара ақындарды сомдап бабалар өсиетіне тоқталады. Рөлжі сомдап жүрген оқушылар бойынан қазақ халқына тән жақсы ұғымдарды ұйғарғанын көрдім.
Нәтижесі:
Бұл кезеңде оқушылар бойынан ұлттық намыс пен жігер қалыптасқанын бақадым.
V бөлім.
Деген екен...деп аталады.
Бұл бөлімде Абай, Әл-фраби сынды ұлы ақындар мен философтардың сөздерін қысқаша айтып өтеді. Оқушылар бұл бөлімде ғұламалардың сөздерін жатқа айтып көрсетеді, сонымен бірге оқушы бойынан үлкен бір халқына деген жанашрлық сезім байқалады.
Шара соңында мұғалім қортындылап аяқтайды,
Жалпы шара кезінде оқушылар өздерін тану-бұл ұлттық рухты бойға дарыту мен заман ағымына байланысты ұлттық намыс пен халықтың санасына сынға түсіп отырғандығын ескереді. Ұлттық сана, сенім, намыс, мінез-құлықтарын өзгертіп қарапайымдылық тұлға болады. Оқушылардың ұлттық дүниетанымы бірыңғай қалптасады.
Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайлыққа, адамгершілікке, ұлттжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т.б.с
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жарапаз айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған
қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.

ІІІ. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің жүру
бағдарламасы.
1- Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары
туралы түсінік беру.
2- Халық әндерімен билерін тамашалау.
3- Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
4 – Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау ) наурыз көже ішуден сайыстар.
5 – «Достығымыз жарасқан» Ұлттық билерден сайыс. ( әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер билейді ) Би «Шашу» орындайтын:10 в сынып оқушысы Нұрқалиева Камшат
Жүрісі:
1 жүргізуші: Нұрбек Бекбауов ( сынып жетекші )
- Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.
2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова ( сынып оқушысы )
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды », « туар жыл нұрлы болады », « Наурыздың ақша қарындай » деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады » - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
1 жүргізуші: Нұрбек Бекбауов
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады
дейді.
Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр. Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.
2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова
Нұрбек ағай сіз білессіз бе ? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
1 жүргізуші: Бекбауов Нұрбек
Иә, иә, Айнұр менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал, қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.
2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді.
«Қызыр Ата» келеді бата береді. Бекзат Аралбаев 10 в сынып оқушысы
1 жүргізуші: Нұрбек Бекбауов
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Ән « Наурыз – думан » орын: Назым Қуанышева 10 в сынып оқушысы

2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова
Ұлыс оң болсын !
Ақпан кетті араз боп Наурызбенен.
Наурыз жүр жоғалған бағын іздей,
Көктем жетті көрісіп жанын іздей
(көтеріңкі көңілмен дабырласып көріседі, көрінісі көрсетіледі) Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем қылып, ал бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады да Наурыз көже ұсынады. («Бұл көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді оқу ) ауылдың бозбаласы:
Берік Исаұлы оқиды.
Ашық болсын қас – қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар.
Ішілетін, житіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ ,
Қазан ауызы жоғары .
Ақсақал жыл дастарханына бата береді.
Бата: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын !
Қайда барса жол болсын,
Ұлыс береке берсін.
Пәле - жала жерге енсін !
1 жүргізуші: Нұрбек Бекбауов
Наурыздау, ауыл аралап көрісу қазақ даласында үш күнге созылған (22 - 24 наурызда). Осы күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы болған.

22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.
Ән: « Қош келдің - Наурыз » орын: Әйгерім Кеңесова
2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова
Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
« Сақтай гөр» деп терістен.
« Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілек бер десіп ....

Би «Будашкин» ор: Қаламқас Ойлыбаева 10 в сынып оқушысы.
1 жүргігізуші: Нұрбек Бекбауов
Қазақтың спорттық ойын түрі « Қазақша күрестен»
көріністік сайысымызды тамашалайық.
2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова
Ер жігіттер арасынан Наурыз көже ішуден сайысымызды басталық. Қане аулымыздың жігіттері қайда. Ортаға 4 – оқушы шығарылады.
1 жүргізуші: Нұрбек Бекбауов
Кезекті әнге берелік «Сәукелелі ару қыз» орын: Алдаберген Базарбаев 10 в сынып оқушысы
(Осы жерде қазақ киім киген қыз балалар сән үлгісін көрсетуі арқылы шығады, қазақы қол өнерлерін алып көрсетеді ).
2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова
«Тұсау кесер» рәсімін жіберейік «Шілдехана әні» орындалып тұрады. ( Тұсау кесілгеннен кейін ) «Тәй – тәй» әнін әжелер орындайды.
Ендігі кезекте аулымыздың бойжеткендеріне арналған «Санамақ» ойынна кезек берелік.
1 жүргізуші: Нұрбек Бекбауов
Келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге арналған «Күш сынасу» кезегіне берелік.
Би « Адай » орын: Жазира Сатанова 10 в сынып оқушысы.
2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова
Осымен 10 в сынып ұжымының ұйымдастыруымен өткен «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
Оқушылардың жүйелі ойлау әрекеті ұлттық дүниетанымды түсінуге, оны ғылыми дүниетаныммен ұштастыруға мүмкіндік туғыздым, теориялық білім мен өмір тәжірибесінен алынған ілімнің айырмашылықтарын ажыратуға үйреттім.

ІІІ. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама
Бүгінгі күні еліміздің рухани адамгершілік байлығын, мәдени мұрасын зерттеп, оны оқушы- жастар бойына жұғысты қасиет етіп меңгерту, сол арқылы ізгі жүректі, қайырымды, іскер азамат тәрбиелеп шығару жаңа тұрпатты мектептердің алдында тұрған киелі проблема. Ол ағарту жүйесінің мазмұнын жаңарту, оның құрлымдық жүйесіне ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықты кіріктіре отырып игерту бағытында іске асырылмақшы. Оқушы дүниетанымын дамыту мәселесі тек педагогикалық категория тұрғысында ғана қаралатын мәселе емес, ол бірнеше ғылымдар аясында (философия, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, этнография, этнология, этика, логика, демография т.б.) әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Бұл адамның тұлға болып қалыптасуы қоғам, табиғат, мәдениет, әлеммен біртұтастыққа жүзеге асатын күрделі үрдіс екендігін көрсетеді. Тақырып бойынша жүргізілген педогогикалық тәжірибелік зерттеу жұмысымда мектептерде халық тағылымдары негізінде оқушы дүниетанымын дамытудың жәй- күйі зерттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс- шаралар жүргізген болатынын.
а) Оқушылардың эксперемент кезіндегі халық тағылымдарын меңгеруді көрсетуде бастапқы және соңғы деңгейі анықталды.
б) Мектеп тәжірибесінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың олқылықтары мен себептерін атап көрсеттім.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешуде өз тәжірибемде сыныптан тыс шарада өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық сын сайыстар өткізу, бағдарламалар, әдістемелік құралдарды талдау, т. б. жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысымда байқағанымдай бүгінгі қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтарда халық тағылымдары негізінде дүниетанымын дамыту мәселесіне онша көп көңіл бөлінбеген.
Соңғы жылдары ғана зерттеу жұмыстарына арқау болып жүргендігі байқалды. Осы тұрғыда өзім өткізген сыныптан тыс шарада оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда ұйымдастырлған шара барысында байқағанымдай. Тек өз сыныбым бойынша нәтижемді көрсетсем төмендегіше: сауалнама жүргізген уақытта оқушылардың 19% пайызы ғана ұлттық дүниетаным туралы білсе «Атадан қалған асыл сөз» деп аталатын сыныптан тыс шарада оқушылар бойында өзіне деген сенімділік пайда болуда, ой-пайымдаулар жасауға дағдыланды. Сынып оқушылары сапа көрсеткіш тұрғысында 10-оқушысы толыққа жуық дағдыланды. Яғни сыныптың 38% пайызына жетті. Сонымен бірге өткізілген «Менің Республикам» атты шарада сыныптың 20-оқушысы ұлттық дүниетаным туралы толық меңгеріп шықты оны анықтау қиынға соқпайды, оқушылардың рухани жан- дүниесі молайып, өзін, өзгені құрметтеуге, санаса білуге деген саналы көзқарастары байқалады. Осы аталған шарада оқушылардың сапасы 77% пайызға көтерілді. Осындай сынып оқушылары арасында көрсеткіштер көрсетіп отырды.
Мектепте оқушылардың дүниетанымын дамытудағы мүмкіндіктерді ескеруге және қазіргі кезде қандай ғылыми ұсыныстардың негізінде алынып жүргізгенін анықтауға мүмкіндік туғызады. Қорыта айтқанда, менің зерттеу тәжірибем, көкейтесті, өміршеңдігін жоймайтын мәселе. Осы орайда өзім дүниетаным қалыптастыруды халық тағылымдары мен қағидалары негізінде жүзеге асыруға талпыныс жасадым.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Серікқалиұлы.З.«Дүниетану даналығы» Алматы 1994жыл.224 б.C
2. Өтешова.Б.«Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту»-2007 ж. 42-43 бет. 118-бет. Алматы-168 бет.C
3. Сәрсенова.Ж. Тәңірбергенова.Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000.79б
4.Оразбекова.К. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында»-Алматы.200.543 б.Б.31-38,58-70,90-94,218-220;С.
5. Қазақстан мектебі-2001.130-136 бет. Тәрбие жұмысы-2000.160-161 бет.
6. Сыныптан тыс жұмыстар-2006-07.41-48 C
7. С.Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері»-Алматы.1995 ж. 1.3.7.бет, 26бет
8. Сынып жетекшісінің анықтамалығы № 0 (0) 2008.ж.12-19 б.
9.«Тәрбие жұмысындағы ұлттық болмыс ұғымдарын жандандыру» 15-16 бет. Б.Өтешова Алматы-2007 ж
10«Мұғалімдерді аттестаттау ережелері» кітабы 2009 ж «Халық педагогикасы туралы бірер сөз», «Мұрагер» журналы 1998 ж 15-29 бет.C
11 «Қазақ әдебиеті» газеті 2009 ж «Өлеңдер жинағы» М.Мақатаев 2006 ж
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Nur
Просмотров: 8825 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz