Ақша және банк жүйесі - Редакция - Сабақтар-Уроки - Әдіскер - Ұстаздың ең жақын көмекшісі
Суббота, 10.12.2016, 15:37
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Редакция

Ақша және банк жүйесі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының элементттерін пайдалану.
Сабақта пайдаланылған көрнектіліктер:  трек сызбалар, вендиограммалар, мультимедиялық проектор
Сабақтың барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Үйтапсырмасын тексеру:
Ойын шарты: Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады. «Миллион кімге бұйырады» ойыны арқылы топ кезектесіп жауап беруі тиіс. Ойында  50:50 жеңілдігін пайдалануға болады.
Сұрақтар:    
 
1. Тепе-тең баға бұл ...    сұраныс шамасы ұсыныс шамасына тең болатын баға       
2. Экономиканың басты мақсаты    қажеттілікті қанағаттандыру       
3.Қазақстан экономикасы ... деп аталады    нарықтық       
4. Баланысталаған бюджет    табыстың жалпы сомасы барлық шығындар сомасына тең болатын бюджет       
5. Хабарландырудың қай тұсына жаңалықты беру керек    тақырыбына       
6.Экономикаға қатыса отырып мемлекет ...    а), ә), б)       
7. Тұтынушылардың алғашқы төрт негізгі құқы тұжырымдалды    1962 жылы       
8. Жаранаманың мәні мынада ...    жарнама сатып алушының қажеттілігін есіне түсіреді       
9. Мемлекеттің барлық азаматтарға бірдей көрсетілетін тауар мен қызметтері – бұл ...    қоғамдық игіліктер       
10. Отбасыға ресми орнатылатын табыстың ең төменгі деңгейі ...    жалақы       
11. Слагон дегеніміз ...    Фирманың девизі, фирманың басты идеясын көрсететін қысқа тіркес       
12. Валюталық бағам – бұл ...    басқа елдердің ақша бірлігімен көрінетін бір ұлттық ақша    









ІІІ Жаңа сабақ.
Ақша несие саясатының мақсаты және құралдарының үш түрі бар – ақырғы мақсат және аралық мақсат және құралдары. (трек сызбалар)
Нарық жағдайындағы банк жүйесінің екі түрі бар – орталық банк және комерциялық банк (депозиттік)  (трек сызбалар)





 










 


















 













 
ІV. Сызықтық диктант.
«дұрыс» жауабы кезінде жоғары көтеріп, дұрыс емес жауабында түзу сызықпен белгілейді.
1.    Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды?- V ғасыр ежелге Грецияда.
2.    Алғаш қағаз ақшалар.- ХІІ-ғасырда Қытайда
3.    Эмиссия – айналымға қажетті мөлшерде ақша шығару.
4.    Инфляция – ақшаның құнсыздануы
5.    Банкнот – Орталық банктен кепілдікпен шығатын бағалы қағаз.
6.    ҚР-ғы эмиссиялаушы банк – ҚҰБ
7.    Дефляция – қаржы нарығындағы тоқырау.
8.    Нөлдендіру – Құнсызданған ақшаның түбірімен жойылып орнына жаңа валютаның енуі.
 
V. Сабақтың бекітілуі:                                        Сәйкестік тесті:
 
1.    Ақшаның негізгі атқаратын қызметтері
2. ҚҰБ атқаратын классикалық қызметтері
3.Ақша несие саясатының бағыты
4. Ақша – несие саясатын жүргізу
5. ҚҰБ қосымша жүктелетін қызметтер    1. құн өлшеуіш, төлем құрал, айналыс құрал, қор жинау құрал, д.ж. ақша
2. жеті
3. инфляцияны төмендету,теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
4. экспансиялық, рекстрициялық
5. 2-ге бөлінеді       
        




Акбердиева Дана Касымбековна
Кызылорда коп салалы гуманитарлык – техникалык колледжінін
экономика панінін оқытушысы



«15 қараша Ұлттық валютамыз теңгенің қолданысқа енген күні»
(топ аралық сайыс)

Мақсаты: білімділік - Ұлттық валютамыз тенгенің тарихы туралы мағлұмат беру, ақша түрлерімен таныстыру.
тәрбиелік – оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық валютамыз теңгенің тәуелсіздік символы екен ұғындыру.
көрнектілігі: сызбалар, слайдтар, суреттер.
жоспар
І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім
1.    кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап»
2.    кезең «Кім жүйрік»
3.    кезең «Қайырымдылық қорына ақша салу»

ІІІ. Патриоттық әндер.
ІV. Қорытынды.

Барысы.

1-ші жүргізуші:  Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығы мен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді.

2-ші жүргізуші: «Ұлттық валютамыз тәуелсіздік нышаны» мерекелік баяндама
(Слайд көрсету).

1-ші жүргізуші: Жеңістерден көріну ұрандары
Көңілді және тапқыр ұлан бәрі
Өнерлерін ортаға шығармақшы
Сахнамызда «валюта» және «теңге» қырандары

2-ші жүргізуші: Сайысымыздың «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты І-кезеңімен таныстырып өтсек. Әр топтан бір оқушыдан шығып ұяшық таңдайды және ұяшық астындағы сұрақтарға жауап беруі тиіс.

1-ші жүргізуші: Сайысымыздың «Кім жүйрік атты» екінші кезеңінен әр топтан топ басшылары шығып 1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс
 
1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан - Өскемен.
4. Ресей валютасы - Рубль
5. Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
6.    Қытай валютасы-Юань
7. Көрсетілген, белгіленген баға - Номинал
8. АҚШ валютасы - Доллар
9. Ұйымдардан мекемелерден, саудадан түскен ақшаны жинау, банкке өткізу, үлестіру әрекеті
10. Әзербайжан валютасы-Манат
11.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
12. Армения валютасы-Бран.
13. Нумизматика ғылымының негізін салушы-И.Х.Эккель
14. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
15. Демократиялық жаңару күні-17 желтоқсан
16. Швеция валютасы-Крона    1. Өзбекстан валютасын ата - Сом
2. Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-Банкнот
3.Қырғызтан валютасы - Сум
4. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит
5. Монғолия валютасы -Тугрик
6. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
7. Үндістан валютасы-Рупии
8. Алғаш монеталар қай ғасырда  пайда болды-V ғасырда ежелгі Грецияда
9. Франция валютасы-Евро
10. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
11. Грузия валютасын ата-Лари
12. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы-Инвестиция
13. Алжир валютасы-Динар
14. Тәжікстан валютасы-Томани
15. Украйна валютасы-Гривна
16. Грек тіліндегі «оikonomia» ұғымының қазақша мағынасы-Экономика       
           

Көрермендер арасында сұраққа жауап ойынын өткізу, сұраққа жауап берген көреммендерге сыйлық тағайындау.
    

2-ші жүргізуші: Сайысымыздың «Қайырымдылық қорына ақша салу» атты ІІІ-кезеңінде ақша (сканерленген) суреттерінің астында құнына лайықты сұрақтар жасырынған әр топтан бір студенттен шығып сұрақтарға жауап беріп қайырымдылық жәшігіне ақша салады.

Қорытынды:
1993 жыл ел тарихын Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясының қабылдануымен, жаппай жекешелендірудің басталуымен және Қазақстанның ұлттық ақшасы-теңгенің айналымға шығуымен есте қалды.
Қорытынды сөз кезегін қазылар алқасына беру.
 Хор «Атамекен»





















Акбердиева Дана Касымбековна
Кызылорда коп салалы гуманитарлык – техникалык колледжінін
экономика панінін оқытушысы


Уақтылы және кесімді еңбекақыны есептеу.
Сабақтың мақсаты:

                Білімділік:  Жұмыстың бағасы және еңбек өлшемі мен еңбекақы өлшемі арасындағы арақатынас туралы мағлұмат беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, түсіндіру.
Сабақта пайдаланылған көрнектіліктер:  трек сызбалар, вендиограммалар, мультимедиялық проектор
Сабақтың барысы:  
І. Негізгі бөлім:
-Еңбекақы дегеніміз не? Кім қалай түсінеді?
-Бұл қызметкерлерге (жұмысшыларға) еңбегі үшін төленетін төлем.
-Еңбекақы көлеміне қандай факторлар әсер етеді?
1. Жұмысшының еңбек ету қаблеті
2. Қызметкерлердің еңбек өнімділігінің  өсуі
3. Қызметкерлердің кәсіптік  шеберлігі
4. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастармен сипатталатын  еңбне нарығындағы жағдай.

ІІ. Ой тастау.
-Қай кезде еңбекке ұыныс көбейіп, сұраныс қысқарады?.
-Нақты еңбекақының өсуі кезінде кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс қысқарады.
Қызметкерлер тарапынан еңбекке ұсыныс пен еңбек арасындағы тәуелділік: еңбекақы жоғарылаған сайын, жұмыс орнын алғысы келетін қызметкерлер саны көбейеді.

ІІІ. Слайд.    

Еңбекақы жүйесінің қарапайымдылығы, логикалығы

Еңбек өнімділігі өсу темпінің орташа жалақы өсу темпінен жоғары болуын қамтамасыз ету
Өндіріс  және еңбек тиімділігің өсуіне байланысты нақты жалақыны жоғарлату
Ынталандырушы
Халықтың төлем қабілеті  бар сұранымды қалыптастыру
 

Сәйкес еңбекке сәйкес төлем
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
Еңбек нарығын әрекеттік есепке алу
Өлшеу - бөлу
Қайта өндіру
Ресурстік шығарушы
Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қосқан үлесі, еңбек жағдайы мен мазмұндылығы, кәсіпорыннын орналасқан ауданға байланысты жұмысшылар жалақысының өзгешелігі   

 
1-    кесте -  Жалақы жүйелері мен нысандары
 
Еңбекақы төлеудің  жүйелері мен нысандары
       
                       Кесімді                           Мерзімді       
Қарапайым кесімді    Қарапайым мерзімді       
Кесімді сый ақылы    Мерзімді сый ақылы       
Жанама кесімді    Сағаттық       
Аккордтық    Күндік       
Кесімді прогрессивті    Апталық       
Жеке     Ұжымдық    

    Көптеген жағдайларда еңбек ақы төлеудің керекті формасын таңдап алған жөн.
     Кесімді еңбек ақыны қолдану жағдайлары:
-    нақты жұмысшыға байланысты жұмысшының сандық көрсеткішінің болуы.
-    Орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мүмкіндіктің болуы.
-    Нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту мүмкіндкітің болуы.
-    Нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керектігі.
     Кесімді еңбек ақыны қолдануға болмайды егер ол мынаған әкелсе:
-    өнімнің сапасының төмендеуіне;
-    технологиялық режимнің бұзылуы;
-    құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;
-    техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы;
-    шикізат пен материалдың шығыны;
Мерзімді еңбек ақыны қолданудың жағдайлары:
-    өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;
-    өндірістік процестің қатаң уақыты белгіленген;
-    жұмысшының функциясы технологиялық процесті бақылауға     негізделген;
-    өнім шығаруды көбейту бракқа немесе сапасының төмендеуіне алып келеді
ІV. Сергіту сәті.
Еңбек туралы мақал - мәтелдер айту.

V. Еңбекақыны есептеу  формулалары.

ЕА=ТС+ПУ              (1)
ЕА-еңбекақы
ТС-біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктелген тарифтік мөлшерлемесі
ПУ-нақты пайдаланылған уақыт
Өнімнің бір данасына жеке кесімді баға былай анықталады:  
                                Зед = Зч х Tн  ;                                      (2)    

мұнда Зч - орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес белгіленетін сағаттық тарифтік ставка, теңге/сағ.;
          Вч - берілген өнімді өндірудің сағаттық нормасы;
          Tн - өнімнің бір данасына уақыт нормасы, сағ.;
    Жанама-кесімді баға Зк жұмысшыларға қызмет көрсету нормасы арқылы формуламен есептелінеді:                                                                                                                                                                                                                                                                           
                                                   Зк = Зч / Вчр  ;                           (3)

мұнда, Зч - қызмет көрсетілетін жұмысшының сағаттық тарифтік стафкасы;
           Вч - өнімнің данасына байланысты қызмет көрсеттін жұмысшының сағаттық өнім шығару нормасы;
           Р - қызмет көрсететін жұмысшылар саны қызмет көрсету нормасы.
Жалпы табыс көмекші жұмысшы ставкасын қызмет көрсететін кесімді жұмысшылардың қызмет көрсету нормасының орташа пайызына көбейту  арқылы немесе жанама кесімді бағаны қызмет көрсетілетін жұмысшылардың нақты өнім көлеміне көбейту арқылы есептелінеді:
                                   Зжал = Зч х Фкөм Y / 100  ;                   (4)

мұнда, Зжал – жұмыстың жалпы жалақысы, теңге;
          Зч - көмекші жұмысшының жалпы тарифтік ставкасы;
          Фкөм – берілген көмекші жұмышының нақты істелінген адам-сағат саны;
           Y – берілген жұмысшының қызмет көрсетуінің нормасын атқарудың орташа проценті;
                                      Зжал = Σ Зkj х Вфj  ;                             (5)

мұнда, Зкj – j-қызмет көрсететін жұмысшының өнімнің бір данасына жанама кесімді баға, теңге;
          Вфj –  j-қызмет көрсетеін жұмысшының өлшеу бірлігіне сәйкес берілген кезеңде өндірілген өнімінің нақты көлемі.
     Кесімді прогрессивті жұмысшының жалақысы Зсп қабылданған прогрессивті төлеу жүйеге байланысты (барлық жұмыс көлемі немесе оның бір бөлігін асыра орындау) келесі формуламен анықталады.
            
                               Зсп = Pтс+[ Зтс (jн-jбаз)gпр]/jн      ;                    (6)

                               Зсп= Зтс+Зтп  (g'пр-1)jn ;                                  (7)

мұндағы Зтс – тікелей кесімді бағамен есептелген жұмысшының негізгі жалақысы;                    
Зтп – жұмыстың бір бөлігіне тікелей кесімді бағамен есептелген кесімді-  жұмысшының кесімді жалақысының сомасы.
              Jn – жұмысшылардың норманы орындауы, %;                                                                      
              jбаз – норманың базалық деңгейі, бұдан жоғары болған сайын жоғарлатылған бағамен төленеді, %;
             qпр – белгіленген нормадан асыра орындағанын көрсететін коэффициент;
             q'пр  - прогрессивті кесімді бағаның қатынасын көрсететін коэффициент
    Мерзімді жалақының екі жолы бар: қарапайым мерзімді және сыйақылы мерзімді.
    Жұмысшының жалақысы қарапайым мерзімді жүйеде Зп берілген разрядтағы жұмысшының тарифтік ставкасының сағаттық (күндік) көрсеткіші ретінде көрсетілеуі:
                                   Зп= Зм/t'ж х tж    ;                                       (8)
мұнда, Зм – жұмысшының айлық мерзімдік жалақысы, теңге;
           tж – берілген айда график бойынша жұмысшылар сағаттар саны;
           t'ж – жұмысшы нақты жұмсаған сағаттар саны

VІ. Қррытынды. Ситуациялық сұрақ.
-Жұмысшылырдың (қызметкерлердің) еңбекақыларының барлық бөлігі өз шоттарына аударылады ма?
-Еңбекақының бір бөлігі әр түрлі салықтар арқылы мемлекеттке, зейнеткерлікті  қамтамасыз ету мақсатындағы қоғамдық  қорларға, тегін немесе жеңілдікті медициналық қызметтерге, білім беруге және т.б. аударылады.
VІІ. Ой таоптастыру.
-Аталған қорларға аударулар неғұрлым көп болса, алынатын еңбекақы мөлшері қалай болады.
-Аталған қорларға аударулар неғұрлым көп болса, алынатын еңбекақы да аз болады, бірақ тегін немесе жеңілдіктер игіліктер мен қызметтер көп болады.

Еңбек ақы – бұл жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін тұтыну заттары мен қызметтердің құнына сәйкес келетін жұмыс күшінің бағасы.
Өз елінің азаматы, негізгі салық төлеуші бола отырып, әрбір жұмысшы өзінің тікелей жеке меншігі болып табылатын жұмыс күшінің нарықтық құнына сәйкес еңбек ақыны дер кезінде және толық алуға құқылы. Олай болса  2011 жылы бір жұмысшыға   шаққанда   орташа   айлық  еңбек ақы 35 367 тенгеге тең болды, бұл өткен  жылмен   салыстырғанда   24,4 %-ға жоғарылады, яғни нақты көріністе – 3%-жоғарылады. 
Категория: Редакция | Добавил: Әдіскер (31.07.2012) | Автор: Акбердиева Дана Касымбековна E
Просмотров: 4690 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
dostar magan aksha tyrali tarbie sagatin tayip berindersh

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2016
Сайт управляется системой uCoz