Пятница, 29.03.2024, 18:47
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Қазақ тілі мен әдебиеті

Ертегіден-шындыққа. Мақала
Ертегіден- шындыққа.
Әр бір бала ертегі тыңдағанды ұнатады.Мектеп табалдырығын аттамай жатып ата-аналары айтқан ертегілерді жаттап алады.Өздерін ертегідегі кейіпкерлер сияқты ұстайды.Ал мектеп табалдырығын аттаған соң алғашқы ұстаздарынан ертегінің келешекті армандауда өте маңызды орыны бар екендігін үйренеді.Ертегіден ненің жаман,ненің жақсы екендігін ұғынады.Ертегілерге еліктеп армандауды үйренеді.Келіңдер сол армандарға үңілейік!!!
Өмір – арман,қиялдан жаралған.Солай екен қиял адам арманының күшті техникасы.Әлем қиялдан жаралғандықтан,қиял оны басқарып тұрады.Адам өз келешегін алдымен қиялдап содан кейін аңсағанына жетеді.Өмір тәжрибесіне сүйене отырып айтқанда:адам күніге армандайды,қиялдайды,бірақ табысқа бір қадам жетпейді.Неге? Біз тек армандап,қиялдап ғана қоймай,сол қиялға қол жеткізу үшін әрекет жасау керек.Әрекетке берекет деген бабам.Әрекетсіз арманымыз бен қиялымыз орындалмайды.
Мысалы:Қабырғада домбыра ілулі тұр.Сен өз қиялыңда сол домбырада керемет күй тартасын.Сенің күйіңді айналаңдағылар сүйсініп тыңдайды. Бұл сенің ертегің.
Ал шындыққа келгенде сол домбырада күй тартып үйренудің де өзіндік қиындықтары бар.
Ол неде?Адам сол арманын,қиялын,ертегісін шындыққа айналдыру үшін әрекет жасау керек.Қабырғада тұрған домбыраға қарап отырып армандаған мен,қолға алып тартып көрмесең үйрене алмайсын.Бұл өмір шындығы.
Қолға алып,сол аспапты сезініп,жан-жақты үйреніп,тартуға әрекет жасаған бала міндетті түрде ертегіден шындыққа жетеді.Еріншектік жасаған адам ертегіден шыға алмай,дегеніне қол жеткізе алмайды.Мен өзімнің әр сабағым да балаларға осыны ұғындырып барамын.
Көз алдыңызға келтіріңіз: сіз есіке жету үшін орныңыздан тұрып бір қадам бастыңыз.Ойлаңыз,әлі алдыңызда қанша орындық,қанша парта бар. Соның бәрінен өтуге тиістісіз.Ойлаған жерге жеткенше тек ол ғана емес,оң жаққа қараңыз,сол жаққа қараңыз,соның бәрінен іркілмей өту керек.Тура алдыңызда ертегілердегідей алыс жол,жеңілмейтін жау,алуға қиын қамал жатыр. Не істеу керек?Көз жұмып қиялдап тұра береміз ба?Онда қашан жетеміз,Қалай жетеміз?
Жоқ.Қиялдан шығарған ертегімізде қалып қоймау үшін әрекет жасаймыз.
Бірінші қиындық:алдымызда жатқан заттарды зерттейміз,үйренеміз.Қиялымыздағы таразыға салып өлшеп көреміз.
-Ол неге ұқсайды?
-Түсі қандай?
-Неден жасалған?
-Жағдайы кандай?
-Жұмсақпа,қаттыма?
-Ескіма,жаңама?
-Не істеу керек?
-Егер сіз сол жерге жетсеңіз не істер едіңіз?
Осының бәріне жауап бере алсаңыз сіздің қиялыңыздың жоғары деңгейге жеткедігінің белгісі.
Ал енді бұның екінші қиындығы:Адамның алдындағы болатын іс-әрекетке деген эмоциясы.
Адам ағаш емес.Адам эмоциясы әр түрлі.Біреу алдында тұрған заттан қорықса,ал біреу оған мән бермейді.Адам өзіне не керек екендігіне көз жеткізу үшін,көргенін сезініп, ол туралы ойланып дұрыс шешім қабылдау керек.Адам өзінің жағымсыз эмоциясынан арылып көздеген жеріне жетіп,алда тұрған есікті ашып жаңа өмірге қадам басу керек.
Жоғарыда айтқанымдай:қабырғада ілулі тұрған домбыраны қолға алып,оны сезініп,зерттеп көру керек.Сонда ғана ертегің шындыққа айналып керемет күй тартып үйренесін.
Егер өзің әрекет жасасаң ұстазыңның айтқанын дұрыс қабылдай аласын.Не болса соны миға қондырып алған бала өз қиялынан шыға алмай өмірден артта қалады.
Мысалы:алдыңда мынадай(c,n,a,n,c,o,t,a,n,n) әріптер шашылып жатыр.Не істеу керек?Алдымен қиялымызда осы әріптерден сөз жасап көреміз.Сол қыялымызға қол жеткізу үшін жанына барып,сол әріптерді зерттеп,орны-орнына қойып көреміз.Дұрыс болмаса тағыда тереңірек ойланамыз.Әрекет жасаған жетті мұратына(can,can not)! Келдім,көрдім,жеңдім деген мақал бекерге айтылмаған.
Өзіңізді өзіңіз зерттеп көріңіз.Сіз қандай адамдар қатарына жатасыз.Қиялдап,қиялына жете алмаған,өзі жазған ертегіден, өзі шығар жолын таппаған адамдар тобына ма? Әлде сол ертегіні шындыққа айналдырған адамдар қатарына жатасыз ба?
Мен өзімді ертегіден-шындыққа жеткен адамдар қатарында санаймын.Мен 30 жылдық еңбек жолымда балаларға берген еңбегім ақталса,оқушыларымның армандары орындалса,ертегім-шындыққа айналғаны деп санаймын. Әркім өз ертегісін өзі жазып,қиялдаған кейіпкері өзі болып , дегеніне жете берсін.Ертегіңіз тек қана ертегі болып қалмасын.
Ертегіңіз шындыққа айналсын!!!
Категория: Қазақ тілі мен әдебиеті | Добавил: Teacher (07.08.2012) | Автор: Жумабике E W
Просмотров: 2140 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz