Пятница, 29.03.2024, 15:26
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Қазақ тілі мен әдебиеті

«Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні»
Сабақтың тақырыбы: «Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні»

Мақсаты:

Білімділігі: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,
әрі дамыту және көркейту.

Дамытушылғы: Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Бүктемелер, кестелер, қанатты сөздер.

Қажетті құралдар: Домбыра, үнтаспа, , СД-дискасы.
Мазмұны: - ұлттық салт – дәстүрді дамыту -ата-бабамыздан қалған ырым-тиымдарды насихаттау

Сабақтың нақыл сөзі:
Наурыз келіп көктем сазы білінер,

Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.

Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,

Наурыз ай шаттықпенен нұр берер – дегендей оқушыларға қазақ халқының алғашқы жыл басының бастау Наурыз ай екенін ұқтыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатынасын, оқу құралдарын тексеру, зейінін тианақтау.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: «Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні»


Күн мен түннің теңесуінен кейінгі күнге иіліп салем беру. Бұл кезеңде оқушыларға түсіндіре отырып, ой-толғау жасау. Яғни оқушылар логикалық тұрғыда жеңіл түрде ойланадыра тапсырманы түсіндіре алады.
Нәтижесі: -сабаққа деген бейімділігі арттады, ұлттық рухани бастау алады. Қазақ халқының ырымдарын таниды.

Наурыз меркесінде адамдар бір-бірімен төс қағыстырып, амандасады.
Бұл бөлімде оқушылар қойылым қою арқылы көрініс табады. Мазмұны қазақ халқының бабадан қалған қасиетті біледі, танысады.
Міндеттері: Оқушылар ұлттық дүниетанымын көрсету, арқылы әлеуметтік, тағылымдық мәндерді ұғыну.
Нәтижесі: Туыстық қатынастардың негізін тану арқылы сабақтастығын түсінеді.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деп, қариялар бұлақ басына ағаш егеді. Осы кезеңде оқушыларға полимәдениеттік, адамзаттық, қасиеттерді түсіндіре отырып, ой-бөлісуге көшу. Әр оқушы өз ойларын айтуында өзін-өзі басқару, құрметіне ие бола алады.


«Кеудесі түкті Жер-ана, құт дарыт, жарылқа!»деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағашқа ақ құияды. Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты ашу үшін топтық жұмыс құра отырып, берілген тақырыпқа қысқаша әңгіме құрайды. Міндеттері бұрынғы кезеңдегі ұғым болып қалыптасқан ұғымдардың танымдық мәніне үңілуге ұмтылдыру, ой салу. Оқушылар ырым-тыйымдар туралы түсінік алды.


Наурыз мерекесінде отбасы жиналып, қасиетті Наурыз көже дайындап, келген қонақтарға көжеден ұсынады екен. Осы кезеңде арнайы көрініс қойылып көрсете отырып,ата-бабамыздың ұлттық тағамын насихаттайды. Оқушылар рөлде өздерін жақсы көретеді. Бұл кезеңде оқушылар ұлттық қасиетті тағамдарымен таныс бола алды.


Наурыз мерекесінде ауылдың жастары бас қосып бастанғы жасап, онда ең далаға Алтыбақан құрып қыз бен жігіт айтысын ұйымдастырады екен. Бұл кезеңде: Оқушылар айтыс түрлеріне тоқталу үшін арнайы карточкалар арқылы сұрақтар беріліп, жауабы айтылады. Кейін ортаға екі оқушы қысқаша айтыс түрі шертпе айтысты көрсетеді.
Нәтиже: Бұл кезеңде оқушылар бойына ұлттық намыс пен жігер қалыптасқанын байқадым.
Жеті қасиет

Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар ой-өрістерін тереңдету мақсатында «Жеті қасиеттерді ата?» бөлімі арқылы ойларын логикалық тереңдетуге жұмсайды.


Сабақ барысы «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын» қолдану арқылы жалғасады. Оқушыларға сабақ тақырыбына сай сұрақтар беруге болады. Бірінші: Жеңілдеу тапсырмаға қазақ халықының ұлттық тағамдары туралы сұрақ беріледі. Яғни оқушылар жеңіл логикалық сұрақтарға шолу жасай отырып ойларын сергіте алады.

Ұлттық тағамдар /слайдтан көрсетіледі/

Наурыз көже Жеті шелпек және бауырсақ


Қымыз Бас табақ


Қазы - қарт

Сәл күрделі тапсырмаға қазақтың ұлттық ойындарын білеміз бе деп алынды.

Ұлттық ойындар /слайдтан көрсетеді/


Көкпар тарту Күрес

Қыз қуу Арқан тартыс

Келесі тапсырмада оқушылар сұраққа жауап бере отырып, көрсетеді яғни практикалық орындайды. Көрсетілген суреттің атын тауып, сол жерде орындайды, көрсетеді.

Ұлттық билер


Қаражорға биі Қамажай


ІІІ. Дауыс шынықтыру.


Қазақы дастарқаным /орындайды/
Өлеңін жазған: Ж.Боранбаев Әнін жазған: М.Ілиясов
IV. Сөзжұмбақ «Наурыз»

V. Үйге тапсырм
VІ. Бағалау.
Категория: Қазақ тілі мен әдебиеті | Добавил: Nur (31.07.2012) | Автор: Бекбауов Нурбек Сембайұлы E
Просмотров: 3608 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz