Четверг, 28.03.2024, 14:56
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Музыка

Музыка пәнін оқытудығы инновациялық әдістер
Баяндама
Жоспары:
І. Кіріспе
Музыка пәніндегі оқытудың тиімді жолдары

ІІ. Негізгі бөлімі
Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі
Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы

ІІІ. Қорытынды бөлімі
Күтілетін нәтежие

І. Кіріспе
Музыка пәніндегі оқытудың тиімді жолдары
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым - әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі , ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен

тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.

ІІ. Негізгі бөлімі
Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі
«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ұлттық тарихымыздың, ұлттық менталитетіміздің, ұлттық идеологиямыздың қалыптасуына білім беру жүйесіндегі ірі реформалық процестер жетекшілік ететіні даусыз.
Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.

Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағытарда сбақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: Интерактивтік тақатмен жұмыс , мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде - ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.
Олар мыналар:- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін мүмкіншілігін түсіну:
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау:
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшеліктерден арылуға көмектесу:
Музыка пәнінің басақа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка әр саласындағы белгілі компазиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі компазиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты компазиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты компазиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздеріде, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға жұмыстанады.
Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» - дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады. Бұл-мұғаліммен оқушыға арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, музыкаға деген бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушы өз қызыметін ең төменгі жеңіл тапсармалады орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызыметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Осылай ойын элементерін әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «Даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыруы қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.
Атап айтсам: Кім шапшаң?, Әуенді тап, Сөз жұмбақтар т.б сонымен қатар ұлттық музыка әлеміне байланысты сабақты түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолдану да орыны орасаң зор.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы

Музыка сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану жолдары

Музыка сабағында
сын тұрғысынан
ойлау технологиясын
тиімді пайдалану

Осы технологияның шығармашылық
Бөлігін басшылыққа ала отырып ой толғау
жасауға болады. (мыс: музыка сабағында сабақты
ойын түрінде ұйымдастыру керек)
осы арқылы оқушылардың биімділігін арттыруға болады

Күтілетін нәтижені, музыка пәніне деген
Қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы,
өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады

Музыка сабағында онда
1-4 сыныптарға сергіту
сәтін алуға болады

Деңгейлеп саралап оқыту
технологиясы

Сынып оқушыларына
жеңілдеп тапсырмалар
беруге болады

Сәл күрделі жаттығулар
береді

Сабақтың қиын сатысында
көрсетілген сұрақтар беру
арқылы жаттығуларды
орныдату

Бұдан қандай нәтежиелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында
Алдымен оқушының не? деген сұрағына: Сабақта шынайлық, оқыту бар екенін көрсету.
2.Оқушының қашан? деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет.
3. Оқушының қайда? деген сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы серіктестігін анықтап нәтежиеге қол жеткізу қажет.
Қорыта айтқанда: Мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зеттеуге қол жетіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты.
Категория: Музыка | Добавил: Nur (31.07.2012) | Автор: Бекбауов Нурбек Сембайұлы E
Просмотров: 15712 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.2/11
Всего комментариев: 2
2 Кулаш  
0
С.Райымбергенова, А. Райымбергенова, Ұ.Байбосынованың Алматы 2009 музыка кітабы бар соны интернеттен көре аласыз. со кітапта барлығы бар.

1 Индира  
0
Қазіргі кезде Музыка пәнінің жоспары жүйесіз құрылған. Оқулық мүлдем жоқ. Мектептерге келмеген. Не өтерімізді білмейміз. 6-сыныпта "Ой толғау"деген тақырып бар. Оқулық жоқ болған соң Не айтарымды, не жазарымды білмей отырмын.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz