Пятница, 19.04.2024, 09:09
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Музыка

Оқушыларды ұлттық өнерге баулу жұмыстарын ұйымдастыру
Жоспар

I.Кіріспе.
Ұлттық тәрбие мен озық білім – ұрпақ болашағы.


II. Негізгі бөлім.
Оқушыларды ұлттық өнерге баулу жұмыстарын ұйымдастыру.

III.Қорытынды.
Ұлттық тәрбиенің маңызы.

I Кіріспе:
Білім берудің ең негізігі мәселесі-ұрпақты жан-жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету.Бүгінгі педагогикалық білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай, жаңаша қалыптасып отырған ұрпағымыз туралы концепцияның тұрғысынан анықталуда.Бұл қағйданың екінші бір қоғамдық көрінісі,әсіресе жанару кезіндегі, адам тәрбиесінің әлеуметтік талабымен ұштасады.
Ұлтымыздың өз уақытынан озып туған ғұлама перзенті Шоқан Шынғысұлы айтқандай: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деген арманының орындалатындай сәті де туған тәрізді. Міне, биылғы жылы Қазақстан Республикасы егеменгдінің жарияланғанына, тәуелсіз ел атанғанына -20 жыл толғалы отыр. Қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттығына қолын жеткізді.Заманымыз өзгеріп, ғасырымыз ауысты. Небір ықылым ғасырлардан өтіп, небір ауыр тұрмыстарды басынан кешкен халқымыз арманнан да алыс боп кеткен өзінің дербестігін алысымен-ақ өзінің ұлттық оқу-ағарту жүйесінің үлгісін жасақтады. Тіршілікті біліммен байытып, ғылыммен жетілдіру мақсатын алға қойды. Осы мақсатта халық педагогикасы тарапынан жаңа да жаңашыл бағыт айқындалғандай болды.
Ол бағыт жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің музыка пәні бойынша жаңа бағдарламалары жасалып, эстетикалық тәрбие беру құралына айналуы еді.
Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Өйткені, ұлттық музыка өнері-жас ұрпақтың рухани, эстетикалық, дүниетанымдық көзқарастарын жарасымды қалыптастырып, көркемдік сезімталдығын арттырып, талғам өрісінің біртұтас дамуына ерекше ықпал етеді десек жоғарыда аталған бағдарламаның өзіне тән ерекшелігінен байқағаным-мұнда ұлттықайшықтар мен ата-баба салттарындағы үрдістерді, бұрын көп қайталғанбаған ең озық өнер үлгілерін
қазіргі ұрпақ рухымен орайластырудың небір сан-саналы тәсілдері түсіндіргеніне көзім жетті.
Сабақ барысында үнемі бір жүйелілікпен қайталанып отыратын іс-әрекеттін
барлық түрлері: (Яғни ән айту,музыка тындау, музыкалық сауаттылық бөлімі, музыкалық- дидактикалық ойындар,кроссвордтар мен жұмбақтар т.б.) өзара бір-бірімен байланыса отырып, сол сабақтың негізгі тақырыбын ашу міндетіне атсалысады. Оқушыларға қазақ халқының шығармашылығын жөнінде кенінен білім беру ғана емес, соны мен қатар ұсынылған шығармалардың қатарында халық арасына кенінен тараған « Он үш жаман » атты терме, Бұқар жырау термесі, Тұрмағанбеттің « Жастарға өсиет » термесі, Нартай ақынның термелері , жалынды ақын , Дауылпаз күйші – Махамбеттің небір жалынды серпінді жыр-термелері мен күйлері, сондай-ақ Біржан мен Сара айтысы мен туындылар – оқушылардың сана сезімі мен ой - өрісі дамуына ықпал ететін аса құнды қазыналар, дүниелер десек арттық айтқандық емес. Бұл туындылар оқушылар зұлымдылықты – абыройлылық атауларының женетінің ұғынып түсінеді. Міне мұның бәрі баланың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін дарытып, рухани мәдениеттілігінің дамытады, оларды адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынасты, табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге тәрбиелейді. Өз Отанының қоғамдық өміріне тікелей ат салыса алатындай азамат болып ержету мінтеттерін алға тартады.
Ұлттық шығармаларды оқытудағы басты мақсат- халық фальклорының адам өміріндегі маңызы терең түсінетін музыкалық және рухани жағынан жете дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Оқушыларды қазақтың ақындық, жыршылық, айтыс және аспаптық (күйшілік) өнеріне тарту олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

II.Негізгі бөлім:
Бала тәрбиесінде ерекше орын алатын , оның тіл үйрену сәтінен бастап , білім биігіне құлаш ұрған кезендеріне дейін, үнемі бойындағы бейімділігіне орай тіл өнерінің түрлерін дәл басып ұғына білу керек. Бала бойындағы қабілет-жыраулыққа ма, терме-айтуға ма- тақпақтап шешен сөйлеуге ма, осының бәрі де бойдағы қабілетке қарай қонатын қасиеттер екені белгілі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде терме-жырдың тәрбиелік маңызы зор. Өнердің бұл түрлеріне бейімдеу үшін, ең әуелі баланың зердесін ұштап, бір естігенін қағып алып ұмытпайтындай етіп жетілдірудің ерекше орны бар. Бұл дәстүр халқымызда кенінен аса кең тараған мұраның бірі. Осындай ұғымталдықтың арқасында, өнер түрлері ұрпақтан – ұрпаққа ауысып , мұхиттай мол күйінде сақталып жеткендігін айтсақта болады. Бұл шын мәніндегі тендесі жоқ құбылыс екені рас. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде - ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Үшінші сыныптың II тоқсанының тақырыбыда осы бір өзекті мәселені қолға алғандай. Тоқсанның алғашқы сабағында терме туралы ұғымға түсінік берілумен қатар , « Он үш жаман « атты халық термесінен оқушылар қысқа қайырым орындайды. Оқушыларға терменің мазмұны түсіндіріліп , онда жеке адамның және халықтың өмірі жырланатының , адамгершілік , әдептілік және эстетикалық құндылықтардың қайнар көзі екендігін айтып түсіндіремін. Өмірдің мәні мен құндылығын жөніндегі Бұқар жыраудың термесін , Базар жыраудың «
Әр нәрсенің парқы бар » , « Тұрмағамбеттің – « Жастарға өсиет » және « Он үш жаман » атты халық термелерін тындау – оқушының жан – дүниесінде үлкен тебіреніс, ой –толғаныс туғызады. Сондай – ақ термені үйренер алдында балалар назарын терменің сөзі мен әуеніне яғни мақамына аударамын. Себебі , терме мен толғауда музыка мен сөз бірдей дамиды . Терменің сөзі қандай әсем , өтірік болса , әуені де соншалықты шеберлікпен айтылады . Сондықтан да терменің лирикалық әндер секілді өзіне тән әсемдігін , ерекшелігін балаларға көрсете білу қажет.
3
Оқушыларға термедегі мақамының (әуеннің ) қаншалықты маңызы екендігін айтып өтемін. Терме алдымен сөз өнері екендігін, бірақ сол көркем сөз арқылы жетіп отырған ақыл, нақыл, өсиет - өнегелер әуемі де өтірік болуы үшін көмекке музыка келетінің, яғни терменің құрылымына, мазмұнына сай мақам қосылатындығын түсіндіремін. Осыдан келіп, оқушыларға әр елдің өзіндік дәстүрлі жыраулық мектептер қалыптасқаның айтып өтемін. Тақтадан оқушылар көрнекілікте берілген «Қазақ даласындағы » , « Ән- күй мектебі » деген тақырыппен көрсетілген әр елдің дәстүрлік өнер мектептерімен танысады. Қазақ даласындағы дәстүрлік мектептердің қалыптасуы:1)Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан мектебі: Тәттімбет, Біржан, Ақан, Мәди, Жаяу Мұса, т.б. 2) Жетісу өңірі: Көжеке, Сүгір, Сөре, т.б. 3) Батыс Қазақстан мектебі: Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Махамбет, Мұхит, Дина, т. б. 4) Сыр бойының жыраулық мектебі: Тұрмағамбет, Нартай, Базар, Жиенбай жырау, Сыр сүлеиі-Нұртуған, Шораяқтың Омары т.б. 5) Шығыс Қазақстан мектебі:Байжігіт, Дәуітбай, Әсет, т.б. Терме сөзіне нақыл, мақал-мәтел сөздер көптен кездеседі. Сондықтан тәлім-тәрбие беретін мұндай мақал-мәтелдерді балалармен бірлесе отырып,талдауымызға болады.
Мысалы: «Ақыл-тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен »
«Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады»
«Адам болар балаңыз, кісіменен ісі бар,
Адам болмас балаңыз, кісіменен несі бар?»
«Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер»
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады» т.б
Сонымен қатар термелердің мәні мен мазмұның балалардың өздері ашуға тиіс. Сол сияқты терме-жырларды үйрене отырып, қазіргі ақындардың да өсиет жырларын, термелерін әуеніне қосып орындатуға болады.

Оқушыларға толғау туралы түсіндіре келіп, оны өз жанынан шығарушының «жырау деп аталатындығын айтып, «Жырау» ұғымымен кеңірек таныстыруға тура келеді. Сонымен жырау дегеніміз кім? Жырау-бұл жыршы емес, ол-ақын әрі шешен екендігін, ең алдымен ырғағы мен ұйқасы бар өлеңді жыраудың өзі шығаратындығын түсіндіремін. Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздермен келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терен ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәніндегі жырау атағына ие болады. Оқушыларға толғау мен терме арасындағы айырмашылықты түсіндіремін.
Толғау философиялық үлкен толғанысымен, заман жайлы кесек ойларымен ерекшелеленсе,терме өмірдің жеке құбылыстарын нақтылы түрде термелеп айтып, қорытынды жасайды. Міне, осыдан біз жоғарыда айтылған халықтық өнер түрлерінің өздеріне ғанға тән атауы болатының,және де олар бір-бірімен байланысты болатының айқын көреміз.Және бұл балалардан аса білімділікпен қыралықты талап етеді. «Жырау» ұғымын балаларға ұғындыру үшін мына схеманы пайдаланған тиімді әрі бала тіліне түсінікті.

Ұстаз, ақылшы


Ақын Жырау Орындаушы


Шешен
Мектебімізде, жоғары сынып оқушылары арасынан кейде сирек кездессе де, ұзақ эпостық жырларды бір-екі оқығаннан-ақ жаттап алатын аса зейінді балалар кейде сирек кездеседі. Олар мен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргіземін. Мұндай өнерлі балалармен бірігіп жұмыс жасарда бар мейірім-ықыласпен, гүл өсірген бағбандай баппен тәрбиелеуден жалықпаған жөн.

Өйткені мұндай таланттар, кешегі «Аузындағы асың-жүрегіндегі иманың» ластанбай тұрған заманда,екінің бірінен кездесе беретін табиғи құбылыс болса,бүгінгікезенде, яғни жасөспірімдер арасында келенсіздіктердің белен
алған заманында бұл өте сирек құбылыс екенін естен шығармаумыз керек.Осы тектес «Айтыс өнеріне де» бейімі бар балаларды ерекше қастерлей біліп, балғын қауырсындар қатайта жетілдіре баптаудан жалықпағанымыз жөн. Бұл тәріздес, алмастың жүзіндей жарқыраған дарындарды, талантты жас ұрпақтарды,табиғат қашанда сирек жаратады ғой. Оларды дер кезінде көкірек көзімен көріп байқамасан,бойларындағы талант ұшкынының жанбай жатып сөнуі мүмкін.
III. Қорытынды:
«Адам ұрпағымен мың жасайды», -дейді қазақ мәтелі. Иә ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллион жыл жасап келеді. Адамзат еншісіне ғана тиісті срл саналы тірлік дамуының бағбаншысы-тәрбие. Демек, ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Онсыз адамзат ғұмырының мәні мен сәні жоқ. М.Жұмабаев: «Әрбір ұлттың-баласы өз ұлтының арасында,өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деп айтқан екен.Қазір біздер ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз. XXI ғасырда табалдырығымыздан атады.Көш басын өркениет жолына бұрып, сол ұлы көшті адастырмай алға апарар ұрпағымыздың нұрлы болашағы мен бағыт- бағдарын айқындап алғанымыз да абзал. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасы да мін осы ізгі мақсатты, ұлы мұратты көздейді. Елбасымыз Н. Назарбаев халыққа жолдаған«Қазақстан-2030» бағдарламасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін парасатты да саналы, тәрбиелі де инабатты, өз тарихы мен дәстүрін білетін ұрпақ тәрбиелеу қажет екендігіне басты назарға ұстаған.Жалпы,оқушыларды рухани жағынан жете дамыған,парасатты да тәрбиелі жеке тұлға ретіндеқалыптастыру үшін оларға өз жерінін тарихы мен салт-дәстүрлерін,көне дәуірден келе жатқан музыкалық аспаптық шығармаларды, ән, күй, терме, толғау, айтыс сияқты өнер түрлерін үйретіп,халықтық педагогика тұрғысынан ұлттық қасиетті рухымен сұрау абзал.Оқушыларға, өнердің бабалар салған ұлы мектебінен өткен халықтық өнерді үйрете отырып, оларды қазіргі заманның ең озық музыкалық үлгісімен сабақтастыра отырып дамыту- қазіргі тандағы ұрпақ тәрбиелеудегі мақсатымның басты міндеті және оны күнделікті оқыту тәжірибеде қолдануын тауып келе жатқан үлттық үлгідегі сабақтастық деп білемін.Сана мен сезімге қатар әсерін тигізетін ілік өнер тек түйсініп қабылдауды, тамсана түсінуді ғанғ емес, бүкіл рухани жан әлеммен жас ұрпақты ілгері оздыра дамытуды да қажетсінеді.Оған айғақ-сонау тарих бетшелерін парақтай отырып ұлттық музыка өнерлерінің қайраткерлері немесе «Алтын қорына » енген Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари, ИбнСина, Сыпыра жырау, Актамберді, Нұртуған жыраулар, Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбет, Құрманғазы,Тәттімбет, Базар жырау, Нартай ақын, Абылай, Абай, Шәкәрім, Ақан, Біржан, Мұхит, т. б. сияқты қазақ халқының тұлғалы өнер қайраткерлерінен бастау салған ұлттық музыка өнерімен оқушылардың жан- жақты сусындату.Осы арқылы ұлттық тәрбие көзі нақтыланады. Нәтижесінде:

Жыр


Ән Ұлттық тәрбие көзі Күй


Терме Айтыс





« Өнер - өршіл өмірге шақырады ». Өмір - өнерді өр рухпен қайта өміршендендіреді.Өнер – адамзат баласы ақыл-ойы мен қолы тудырған заттың және рухани ел-дәулетінің сыр- құпиясында бойлатар кілт.Өнер-жер бетінде тіршілік еткен барша халықтар мен этностар мәдениеті болмысын ашатын кілт. Күллі адамзат қауымында өткен, ақыл-парасат алыптарының ішінде , ой кермегін татып, тіршілік тұнғиықтарын ұсынған сайын, өздерінің кемелеріне жеткен кеменгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз болмаған.
Категория: Музыка | Добавил: Nur (31.07.2012) | Автор: Бекбауов Нурбек Сембайұлы E
Просмотров: 7664 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz