Суббота, 20.04.2024, 10:51
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

АКВАРИУМДАҒЫ БАЛЫҚТАР

Ақтөбе қаласы. №30 «Ұрпақ» МДҰ әдіскері
Тлеуова Роза Жолбайқызы

Мақсаты:Аквариум туралы түсінік беру, геометриялық пішіндерден денелер қиып, парақ бетіне ұқыпты, таза жапсыруға үйрету. Басқа сабақтармен байланыстыру, өлең жаттау, жұмбақтар шешу. Қол қимылын жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Аквариумдағы балықтар, магнитті қармақ, қатты картоннан жасалған балықтар, табиғат бейнесі, т.б.

Құралдар: Түрлі – түсті қағаздар, картон, желім, қайшы, фламастер.

Сабақ барысы: Балаларды сабаққа ұйымдастыру.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қайырла таң Жер – Ана,

Қайырла таң, көк аспан.

Қайырла таң, достар,

Қайырла таң Апайлар!

* Сәлеметсіздер ме? Балалаларды қонақтармен амандастыру.

(Балалар орындарынан тұрып амандасады)

Бойымызды тік ұстап әдемі болып отырамыз.

- Балалар жылдың қазір қай мезгілі?

- Күз мезгілі

- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Күн салқын, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып, желмен ұшып жерге

түседі.

* Күз мезгілінің ай аттарын атайық

* Қыркүйек, қазан, қараша

* Қазір қандай ай?

* Қараша

* Бүгін қарашаның нешесі?

* Қараша айының он бесі

* Аптаның қай күні?

* Аптаның бірінші күні дүйсенбі

* Дүйсенбіде бізде жапсыру сабағы

* Жапсыру сабағында бүгін біз не жапсырады екенбіз.

(Ғажайып сәт - Орамал астына жасынған аквариумдағы балықтар)

Балаларды таңқалдыру

* Бұл не? Кәне, көрейікші.

* Аквариумдағы балықтар екен.

* Олай болса, бүгін біз жапсыру сабағында аквариумдағы балықтарды жапсырамыз.

* Жапсырамыз ба?

* Жарайды, жапсырамыз.

* Балалар біздер білеміз, балықтар сусыз тіршілік ете алмайды, корегінде судан табады,-деп қысқаша түсінік беремін.

Ал, аквариумдағы балықтардың тыныс – тіршілігін күнде біз топта бақылап жүрміз. Олардың да тіршілігі көлдегі, өзендердегі балықтарға ұқсас, тек олар біздің топта шыны аквариумда өмір сүреді, біз оларға күтім жасаймыз. Аквариумды жуып тазалаймыз, тамағын саламыз, балалаған балықтарды басқа аквариумда ұстап, өскеннен кейін қосамыз т.с.с. жұмыстарын балалармен бірге бақылап отырып жасаймыз.

Сурет бойынша әңгіме «Тәккәппар балық» Балаларға оқып, әңгімелеп беремінде сұрақтар қойып жауап аламын.

Тәккәппар балық.

Жөнімді өзім білем – деп,

Сусыз – ақ өмір сүрем – деп,

Құрлықты балық мақтапты,

Теңізін туған даттапты.

Бір күні күшті жел тұрып,

Тулады теңіз жұлқынып.

Тәккәппар әлгі балықты

Құшаққа құрлық алыпты.

Жел кептіріп денесін,

Күн құрғатып өңешін,

Желбезегі желпілдеп,

Аузын ашып су тілеп

Жылапты зарлап «уһілеп»:

- Мөлдір суым, мекенім,

- Енді қайтсем, жетемін?!

Қадіріңді білмедім,

Неге шалқып жүрмедім?!

Тыңдамап едім ешкімді,

Қателігімді кеш білдім,

* деп «Тәккәппар балық» құрлықта жатып өліпті.

* Сіздердің алдарыңызда желім, қайшы, сары, жасыл, көк, қызыл, қоңыр түсті қағаздар бар.

* Кәне, соларға көңіл аударып, жапсыру жұмысына кірісейік.

Көк фонды аквариум деп алып, ішінде тасты қоңыр түстен, шөптерін жасыл түстен, балықтың денесін сары түстен қанатын, құйрығын қызыл

түстен қағаздан қиып, желімдейміз. Қию кезінде ескеретін жайт балықтың денесін сары түстен сопақша етіп қиамыз, құйрық қанатшаларын үшбұрыштап қиамыз. Дайын болған тас, шөп, балықтарымызды әдемілеп аквариумға орналастыра отырып, таза етіп желімдейміз. Аквариумдағы балықтарымыз, біздің жұмыстарымыз қандай әдемі болды. (Балаларды мадақтау)

Сергіту минуты: Қоюланып қара бұлт ,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақты жамылып,

Жасырынды көбелек.

Күннің көзі ашылды,

Көбелектер шашылды.

Жұмбақ жасыру:

1. Аяғы жоқ жүрмейді, қанаты жақ ұшпайды,

Жер бетінде өмір сүре алмайды. (Балық)

2. Суда оның өмірі,

Суда оның корегі. (Балық)

Балық туралы өлең жаттау

Суда балық өріп жүр,

Бір-біріне еріп жұр.

Қармағымның жоғына,

Бәрі бірдей сеніп жүр.

Ойын: «Не қайда болады?»

Балықтар, аққу, бақа, қоңыз, көбелек, табиғат , су, жасыл шөп.

Суда - балықтар, аққу, бақа болады.

Шөпте – қоңыз, көбелек болады.

Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, талдау жасау.

Кімнің жұмысы саған ұнайды, несімен ұнайды?

Әңгімелету, балаларға бағалату.

Сергіту минуты: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Су құйғанда ағашқа,

Ағаштар биік өседі.

Сабақты қорытындылау: Ойын «Балық аулау»

Магнитті қармақ, балықтар артында қорытынды сұрақтар жазылған.

Қармақпен балықтарды аулай отырып, сұрақтарға жауап алу.

1. Бізде қандай сабақ болды?

2. Сіздер не жапсырдыңдар?

3. Балық туралы өлең білесіздер ме?

4. Сіздердің топтарыңда аквариум бар ма?

5. Аквариумдар нелер болады?

6. Балықтарға қандай күтім жасайсындар?

7. Сабақ сіздерге ұнады ма?

Осы сабақтан естерлік ретінде мына әдемі балықтарды сіздерге таратып берейін. Осымен сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: rozatleuova (02.08.2012) | Автор: Тлеуова Роза Жолбайқызы E
Просмотров: 11013 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz