Суббота, 27.04.2024, 07:15
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Бақыт дегеніміз – денсаулық
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі Ерманова Сымбат

Тақырыбы:Бақыт дегеніміз – денсаулық

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,   

                   олардың зиянды зарттардан аулақ болуға, шылым шегу,

                   нашақорлық, СПИД тәрізді аурулар туралы ой қозғау, өмірге  

                   деген көзқарастарын қалыптастыру. Өз денсаулықтарына

                   жауапкершілікпен қарауға үйрету, тазалыққа, ұқыптылыққа,

                   әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Плакаттар, сөзжұмбақтар, нақыл сөздер.

 

                                      Барысы

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Бақыт дегеніміз - денсаулық» тақырыбында «Сиқырлы қазан» сайысына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:  Армысыздар,

                       Болашақтың бастауы

                       Балғын шақта балалар!

                       Ал келіңдер, келіңдер,

                       Біріңе бірің еріңдер

                       Білімінді тексеріп,

                       Ойынға қатысып көріндер!

Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз І топ «Салауат» тобы ІІ топ «Денсаулық» тобын шақырамыз.

І жүргізуші:

                 Білімінді саралап,

                Төрелігін айтатын

                Әділ баға беретін

                Әділқазы алқасын

                Шақырайық ортаға

Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін, әділ қазы алқасымен таныстырайын.

Мектебіміздің тәрбие ісі орынбасары: Тоқшылықова Ақтолқын апай

Мектеп инспекторы: Нұғыманов Ержан ағай

Наркафост жетекшісі: Жалғасбаева Зина апай

ІІ жүргізуші:

                Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,

               Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.

               Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,

               Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ

Сайысымыздың шарттарымен таныстырайық

  І «Сәлем берем халқыма» топ атымен таныстыру

 ІІ «Кім көп біледі?» мақал- мәтел жалғасын табу

 ІІІ «Кім тапқыр?» жұмбақтың шешуін табу

 ІУ  Көрініс

 У   Өз өнері

 УІ  Спорттық жаттығулардан үзінді

 УІІ Сөзжұмбақ

 УІІІ Топ басшылар сайысы

 

І жүргізуші:

            Қазақпез қыз ғой бәйгеге десе қозатын,

            Қосатұғын күрең атын, боз атын

            Басталады бүгінгі сайысымыз,

            Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын.

І бөлім  «Сәлем берем халқыма»

 

І топ «Салауат»

 

ІІ топ «Денсаулық»

 

ІІ жүргізуші:

                Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,

                Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.

               «Кім көп біледі?» сайысына қатысып,

               Жалғасы мен жауабын кім шешеді?

 

               ІІ бөлім «Кім көп біледі?» мақал- мәтел жалғасын табу

І жүргізуші:

                Басталады «Кім тапқыр? » деген сайысың

               Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

               Жылдамдығың, алғырлығың сыналар

               Қане шәкір, көрінеді қай ісің?

Ән: Бейбітова Г

               ІІІ бөлім  «Кім тапқыр?» жұмбқтын шешуін табындар

 

ІІ жүргізуші: Ғасыр індетіне айналған есірткі мен темекі, ішімдік жайында оқушылардың дайындап келген шағын көріністеріне кезек берейік.

 

              ІУ бөлім Көрініс

 

І топ «Зиянды әдеттер» планетасы.

ІІ топ «Есірткіден аулақ бол»

 

І жүргізуші:

                 Екі топта алғырсың ,

                Шырқап айтар әсем ән

                Көз тоймайтын керемет

                Мың бұралған билермен

                Кезекпенен ортада

                Өз өнерлерін сынасын.

      У бөлім Өз өнері

ІІ жүргізуші:

               Мен қазақ ұлдарына қайран қалам,

              Шылымды  шеккен кезде жайрандаган

              Оқыуға ниеті жоқ қайран ұлдар

              Темекі шегіп алып сайрандаған

      УІ бөлім Спорттық жаттығулардан үзінді

 

І топ «Салауат»

 

ІІ топ «Денсаулық»

 

І жүргізуші:

                Тағы да  келді сыналар шақ,

                Тереңіне білім теңіз байланып

                Кім шешеді сол сайыста ұғып тұр

                Сөзжұмбақтарда кезегін күтіп тұр.

УІІ бөлім «Сөзжұмбақ» екі топқа сөзжұмбақ береміз.

 

ІІ жүргізуші:

              Жасырмай тартасың сен шылымыңды,

              Шылымға берілдің ғой мәңгі енді.

              Өкпеңнен не қалды, қарағым -ау

              Ертерек ойласаңшы өміріңді.

Дей отырып ортаға топ басшыларын шақырамыз. Бір- біріне сұрақ қояды.

Ән: Бейбітова Г

    УІІІ бөлім Топ басшылар сайысы

І жүргізуші:

               Бұл өмірде не керек?

               Дұрыс жүріп, дұрыс сөйлеу керек

               Ішімдік ішпей, шылым шекпей

               Денемізді шынықтыру керек.

ІІ жүргізуші:

                Ерте тұрып, кеш жатып,

                Есіркеге еліктемей

                Ерінбей еңбек ету керек,

                Бәрінен де салауатты өмір керек

                Денсаулықты сақта, түзеу өсесің,

                Күнәдан пәк жанат өмір кешесің,

                Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса

                Қараменен тәнді улап не етесің

               Жаман әдет көп шектірер қасірет

              Сақта өзінді, жақсылыққа жетесін

 

Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз

 

Бүгінгі «Бақыт дегеніміз -денсаулық» атты сайысымыз аяқталы

Ән: Бейбітова Г, Сүлейменова А, Бексағұнова Ж
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Әдіскер (26.08.2012) | Автор: Ерманова Сымбат E
Просмотров: 5223 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz