Пятница, 19.04.2024, 03:41
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Білімді тиянақтау.
Тақырыбы: Білімді тиянақтау.(4 сынып)
Мақсаты:
1. Ұлттық ойындардың ережесімен танысу, алған білімдерін тиянақтау, қайталау есептерін шығару.
2. Ойларын, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту. Ұлттық дүниетанымын кеңейту.
3. Ұлттық ойындардың ерекшелігін білуге, есептерді жылдам әрі қатесіз, түсініп шығаруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу
ә) мақсатын хабарлау
б) психологиялық дайындық (адамның көңіл-күйі)

ІІ. Негізгі бөлім
- Балалар, бүгінгі сабағымызұлттық ойындармен байланысты өтеді.
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Қыз қуу, Теңге алу, Көкпар, Асық, Бәйге, Күш салыстыру, Арқан тартыс, Тоғызқұмалақ, Ақ сүйек, Аударыспақ, т.б.
- Ұлттық ойындардың қандай пайдасы бар?
- Ұлттық ойындардың қандай ерекшеліктері бар?

ІІІ. Өтілгенді пысықтау. «Алтыбақан» ойыны
- Бүгінгі ойындарды ойнамас бұрын, Алтыбақан теуіп алайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік:
1) Жылдамдықты немен белгілейміз?
2) Уақытты ше?
3) Қашықтықты немен белгілейміз?
4) Жылдамдықты қалай табамыз?
5) Уақытты қалай табамыз?
6) Қашықтықты қалай табамыз?
ІV. Ауызша жұмыс. «Қыз қуу» ойыны
- Бұл қандай ойын? Шартын кім біледі?(оқушының жауабы)
№1
- Суреттегі қоян мен тазының қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
- 900-800 айырмасы нені білдіреді?
- Тазы қоянды неше минутта қуып жетуі мүмкін?
900-800 = 100м/мин
500м:100м/мин =5мин
Жауабы: Тазы қоянды 5 минутта қуық жетеді.

V. «Теңге алу» ойыны:
- Бұл қандай ойын?
- Қалай ойналады? (оқушының жауабы)
№2
- Есепті теңдеу арқылы шығарамыз. Дұрыс шығарсақ, теңгені аламыз.
V1 = 65 км/сағ
V2= 85 км/сағ
S = 60 км
t = ? сағ
- Балалар, уақытты қалай табамыз? t = S/V
- Енді есепті теңдеу құру арқылы шығарайық.
(85 – 65) х Х = 60
20 х Х = 60
Х = 60 : 20
Х = 3
Тек: (85-65) х 3 = 60
Жауабы: Жеңіл машина жүк машинасын соңынан 3 сағаттан кейін қуып жетеді.

VІ. «Көкпар» ойыны:
- Бұл қандай ойын?
- Қалай ойналады? (оқушының жауабы)
- Ал балалар тулақты қазандыққа салу үшін №3 есепті орындайық.
5 км/сағ – 4 км/сағ = 1(км/сағ)
2 км/сағ : 1 км/сағ = 2(км/сағ)
5 км/сағ х 3 сағ = 15( км)
4 км/сағ х 3 сағ = 12(км)
15 км – 12 км = 3(км)
5 км/сағ х 4 сағ = 20 (км)
4км/сағ х 4 сағ = 16 (км)
20 км – 16 км = 4(км)
Жауабы: Қасым Есімді қуып жете алмайды.

VІІ. Сергіту сәті.

VІІІ. «Бәйге» ойыны:
- Бұл қандай ойын?
- Бәйгеден озу үшін, өрнектердің мәнін табайық.
№6
а) 810 х 16 : 60 =216
ә) (а : 27) + 1275, мұндағы а=27000
(27000:27) + 1275 = 2275
б) 46550 : 98 + 987 = 1462
в) (2035-608) х 48 = 68496

ІХ. Асық ойыны «Қанталапай»
- Бұл қандай ойын? Қалай ойналады?
- Енді осы ойын бойынша №5 есепті шығарайық.
Енді асықтардағы бөлулерді орындайық.
Бөлуді шығарған соң, оны қалай тексереміз?
Әрине көбейтумен тексереміз.
2516:17=148 148х17=2516
2844:18=158 158х18=2844
3021:19=159 159х19=3021
5725:25=229 229х25=5725

Х. «Күш салыстыру» Күш салыстыруда күрес, қол күрес сияқты түрлері бар.Бұл ойындар қалай ойналады?
Қандай пайдасы бар?
Ал біз күшімізбен қоса білімімізді де салыстырайық.
Кім жылдам шығарса сол оқушының күші көп.
Өздік жұмыс:№9
І бағанын шығарамыз.
6007х28+4008х38=168169+152304=320473
7006х82+8004х83=574492+664332=1.238824

ХІ. «Ақ сүйек» ойыны:
Бұл қандай ойын?
Қалай ойналады?
Бұл ойын кеш батқанда ойналатын ойын. Бұл ойынның шарты: жігіттің немесе қызбаланың көзін байлайды. Малдың жілік сүйегін лақтыру керек, көзін шешіп сүйекті іздейді.
Біз осы ойын бойынша №7 геометриялық тапсырманы орындайық.
Тіктөртбұрыш қандай фигура?
Қасиеті қандай?
Р- қалай табамыз? Р=(a+b)х2
S- қалай табамыз? S=a х b
Біз осы тіктөртбұрыштың енін іздеп табайық.
Кім іздеп тапса ақсүйек сол адамдікі болады.
Берілгені:
a=20см бұл 2 есе артық
b-?
20: 2 =10(СМ)
Жауабы: b=10(см)

ХІІ. Ал балалар енді «Тоғыз құмалақ» ойыны туралы не білеміз?
Ол ойын қалай ойналады?
Тоғыз құмалақ ойланып ойналатын ойын.
Аты айтып тұрғандай тоғыз құмалақ немесе тоғыз таспен де ойнауға болады.
Әр тастың өз атауы бар: тандық, атөтпес, көшпелі, атсұраттар, бел, белбасар, қандықақпан, көкмойын, маңдай.
Ал енді балалар оқулықтағы ең соңғы тапсырмаға назар аударайық.
Осы тапсырманы орындасақ біз тоғыз құмалақты жеңгеніміз.
Логикалық тапсырма:
1) Адамның жүрегі 1 минутта 5 литр қан айналдырса, 1 сағатта қанша қан айналады?
2) 3 жұмыртқа 3 минутта піссе, 1 жұмыртқа неше минутта піседі?

ХІІІ. «Рефлексия» Қорытынды:
- Балалар, біз қандай тақырыпты қорытындыладық?
- Қандай есептер шығардық?
- Ойынның қандай түрлерін білдік?
- Уақыт, жылдамдық, қашықтықты қалай табамыз?

ХІV. Үйге тапсырма: №4,№8 - 180-бет

ХV. Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Teacher (11.08.2012) | Автор: Жумабике E W
Просмотров: 2430 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz