Четверг, 28.03.2024, 20:22
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

ЕЛ ТІРЕГІ - ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ

Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ меңгерушісі
Капина Рабиға Кенжебекқызы

ЕЛ ТІРЕГІ - ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ


Бүкіл адамзаттың келешегі жас жеткіншектердің

қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне,

кемелденуіне байланысты.

Ғ. Мүсірепов.


Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз.

Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы – оның білімді, талантты адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында.

Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек,» - деген Шәкәрім атамыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік рухани қайнарын сіңіріп, мінез – құлқын тәрбиелеу үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті болып табылады.

Ежелден дана халқымыз «Бала бауыр етім» деп, өскелең ұрпақтың көңілі рухты, жаны пәк, таза болғанын армандаған. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойға біткен қасиетті дарытатын орта болады. Ол ең біріншіден отбасы, екіншіден мектеп, негізінде жалпы қоғам.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Баланың ар – ожданының тұрақты түрде қалыптасып, бірте – бірте дами жетілуіне жанұяның берер ықпалы өте зор. Қай уақытта болмасын, жас балалардың көңіл – күйлерінен сол жанұядағы қарым – қатынастардың жай- жапсарлары анық аңғарылып тұрады. Жанұядағы үлкендердің өзара түсінушілігі жайсыз болса, оның әсері бірте – бірте жас баланың бүтіндей мінез – құлықтарына да теріс ықпалдарын тигізе береді. Осыдан келіп әбден күйреген көңілден ыңғайға көнбейтін балалардың жайсыз жағдайлары келіп шығады.

Бала тәрбиесінде бұдан ауыр мәселе болуы мүмкін емес. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеге үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы.

Ата – ананың балаға тәлім етер жеке бастарының үлгісі олардың өзара сүйіспеншілігі, айналасындағы жандармен сыйластықтары, тіпті олардың табиғатқа деген көзқарастары да әсерсіз қалмайды. Міне, осындай күнделікті үлгілі іс-әрекеттерге қоса жанұядағы қалыптасқан дәстүрлер қосылса бірігіп кітап оқу, ән – күй тыңдау, өздерінің сүйікті әндерін айтуы, тіпті ыңғайы келсе ұлттық ойындарды ойнауы да ұмыт қалмауы тиіс.

Үй - іші өзара мінез – құлықтары мен тәртіптерін сөз етіп, сындарлы ашық пікір алысудың да еш артықшылығы жоқ. Осындай тәсіл арқылы бірі байқамаған өзгерістерді екіншісі байқап, баланың жөнсіз кетіп бара жатқан қылықтарын дәріптеп, ерекше көңіл бөліп отырудың да маңызы зор.

Ата – анасы – болашақ азаматтың жеке басын аяғынан тұрғызып, келешегіне жол сілтеуші. Отбасындағы тәрбиесі, мінезі, жақсы мен жаманды айыра білуі, үлкендерден алған өнегесі бала өмірінен үлкен орын алады.

Бала тәрбиесі – адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі. Баланың бойындағы ізгілікті, мақсат, көтеріңкі көңіл күй, өзіндік ерекшелігі арқылы өз ортасына деген сүйіспеншілік, сыйластық , бауырмалдық, жауапкершілік, кішіпейілділік секілді асыл қасиеттерді шыңдауға болады.

Қазақ халқының тәлім – тәрбие істерінің ғылыми негізін қолдап, оның негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсынов. Ғұлама ғалым мектепке дейінгі балалар тәрбиесіне де мән берді. «Баланы бастан» тәрбиелеу деген сөз «Дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өседі», -деп өмірге еңбекке сәбилік кезеңнен баулу қажеттілігін ескертеді. Бала ересектің еңбегіне еліктей отырып, еңбекке ұмтылып дағдыланады- деген ғылыми тұжырымдама жасаған. А. Байтұрсынов мектеп алды балаларының негізгі әрекеті ойын екендігін мойындай отырып, ойын мен еңбектің тығыз байланысын былай тұжырымдайды: «Баланың ойыны қайсы, жұмысы қайсы, айыруға болмайды. Ойыны да ойын, жұмысы да ойын, бәрін ойын үстінде, ойын үшін істейді»,- дегендей, мектеп алды балалар туралы педагогикада ойындарды қолданудың қазіргі таңда маңызы зор.

Зерделі халқымыз балаға жастайынан жақсы өсиет, кеңестер арқылы өнегелі тәрбие беріп, қимыл - әрекетіне байқау жүргізіп, оның ішінде әсіресе, ойынға үлкен мән берген. Ойынды бар өнердің бастауы деп біліп, әр ойынның уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір мақсатпен ойлануға, айналаға зер салуға, шапшаң, епті болуға, күшті, мықты болуға, әсемдік пен сыпайылыққа тәрбиеленетінін аңғарған. Ойын бала үшін әрі іс -әрекет, әрі тәрбие құралы болып табылады. Ол баланың өсіп, дамуымен тығыз байланысты. Бала ойын барысында өз бойындағы күш қуатын жұмсап, қарсылықтарынан кем түспеуге тырысады. Кейде намысын да жігерлендіріп жібереді. Демек, ойын мақсатын орындау кезінде бала тек дене күшін жұсаумен (жүгірумен, тартысумен, қимылдаумен) ғана шектелмейді. Мұның өзі баланы дене жағынан шынықтырумен қатар, ақыл – парасатын да жетілдіреді, яғни ойын балаға еңбек , ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық дене тәрбиелерін берудің тамаша құралы болып табылады.

Бала ойын арқылы өзінің күш жігерін жаттықтырады, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда, болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Тұлғаның жалпы қалыптасу және даму табыстылығы жасөспірімдік және ерте балалық шақтағы қарым – қатынастың қалай қалыптасатындығына байланысты.

Тәрбие мәселесінде ұлы ақынымыз Абайдың «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой –пікірлерімен жас ұрпақты өзінің еліне, халқына зор махабатпен қарап, адамгершілік қасиеттермен тәрбиеленуіне зор мән беруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Бүгінгі күнде біз бір кісідей «Жаңа заман – жаңа дәуір, жаңа ғасырға» аяқ басып отырмыз. Біздің басты міндеттеріміз – ұрпақты адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті кіріктіре меңгерту.

































Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Әдіскер (03.08.2012) | Автор: Капина Рабиға Кенжебекқызы E
Просмотров: 2492 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz