Среда, 24.04.2024, 17:26
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Менің өмірімді арнаған қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандығым
Тлеуова Роза Жолбайқызы
№30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйым әдіскері Ақтөбе қаласы

Менің өмірімді арнаған қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандығым

Жиырма жеті жылдай мектепке дейінгі ұйымда жұмыс жасау, жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысу біреу үшін көп уақыт сияқты көрінуі мүмкін. Ал мен үшін...

Мен жас өспірімдерге арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме, балалар?» деген сөзіме берген балалардың «Саламатсыз ба ?» деген жауабы бір сергітіп, серпілдіріп тастайды. Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Күнде ертеңгісін жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп...

- Бүгінгі күннің ойындары, оқу іс-әрекеттері қандай болмақ?

Әр бір оқу іс-әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.

Шынайы оқу іс-әрекеті – бұл бала мен тәрбиешінің арасындағы бірлескен ізденіс нәтижесі, тәрбиешінің шығармашылық жұмысының жемісі. Ізденіс жоқ жерде сылбырлық, енжарлық, бас көтеріп, оқу іс-әрекеттерінің мәні кетеді.

Әрбір оқу іс-әрекеттері жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, тәрбиеші сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай. Әр оқу іс-әрекетінің сәтті шығуы, әрине өзімізге байланысты.

Жыл сайын балабақшадан мектепке шығарып салатын, бүлдіршіндерімізді қимастықпен шығарып салып отырамыз.

Қоғам үшін, ел болашағы үшін ұстаздық жолды таңдаған адамдарға терең теориялық біліммен қатар, оған ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр оқу іс-әрекетінің тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс-әрекетіне аударту, баламен оқу іс-әрекеті үстіндегі әрбір қарым-қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Көбінесе оқу іс-әрекетінің негізгі

бөлімдеріне ғана назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, оқу іс-әрекеттерінің арасындағы сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Бала зейінін аударудың тиімді жолдары. Осы уақыттардың ішінде қаншама жас бүлдіршіндер алдымнан өтіп жатса да, алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу іс-әрекеті үстінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс-әрекеттеріне деген тұрақты зейін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады. Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші - өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең болуы тиіс.

Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол. білімді өз елін сүйетін, он қолынан өнері тамған өнерлі болуы керек. Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт.

Бала жүрегі – кішкентай күй сандық.

Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.

Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.

М. Шаханов.

Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт. Олар өзгенің балалары болса да, өз балаларымнан да артық көремін.

Жиырма алты жыл өтіпті, сол бір сара жол бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін. Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын.

Әлі де қызмет етемін, баламен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты. Бала

біздің өміріміздің жалғасы. Өзімде үш бала тәрбиелеп отырған анамын.
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Әдіскер (03.08.2012) | Автор: Тлеуова Роза Жолбайқызы E
Просмотров: 4727 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz