Четверг, 28.03.2024, 22:41
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

О.Бодықов Аққұс туралы аңыз
3 – сынып
Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: О.Бодықов Аққұс туралы аңыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыра отырып, ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған «Ән падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде қысқаша деректер беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Әңгімені оқып таныстырыу, мазмұнын ашу, әннің құдіреттілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушының оқу, жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.
Тәрбиелік: Ұлы таланттың өнерін балалардың бойына сіңіру, ізгілік пен өнерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, әңгімелесу, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Ш.Қалдаяқовтың портреті, презентация слайдтары, көрме
Меңгерілетін сөздер:
- Тау мүлгіп – тау ұйқыға кетіп.
- Көл тынып – тыныш күйге түсіп.
- Аспан егіледі – аспан жылағандай күйге түседі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Күй ойнап тұрады. Әуеннің сүйемелдеуімен өлең оқылады.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй. (Абай)
«Ой шақыру» стратегиясы.
- Балалар, мен оқыған өлең не жайында?
- (Ән жайында)
- Ендеше мына әнді тыңдап көрейік. Бұл әннің музыкасын жазған қай сазгер?
- (Шәмші Қалдаяқов)
- Әнұранның музыкасын жазған кім?
- (Шәмші Қалдаяқов)
2. Жаңа материалды меңгерту.
Менің Қазақстаным – менің Әнұраным. Дәл осы сөз 62 тамырды идіріп, қазаққа мәңгі мүра болып қалды. Әнұранымыз жаңарып, болашаққа бағыт берген Шәмшінің әні. Желтоқсан көтерілісі кезінде де жастар осы әнмен шыққан. Менің Қазақстаным – Тәуелсіздік әні.
Шәмшінің көзі тірісінде, көз жұмғанға дейінгі үш жылында қасынан қалмай қуанышы мен күйінішіне куә болған, қажет кезінде сенімді сүйеніші бола білген нағыз жанашыр, айнымас досы болған Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» әңгімесіне тоқталамыз.
- Ендеше, біз қазір мәтінді бөліктерге бөле отырып әңгімелейміз.
1. Ән әлемінің падишасы
2. Әнімен әлдилеген ана
3. Аққұстың әнінің құдіреттілігі
4. Қарақұстың әнге табынуы
( оқушалар өз пікірлерін айтады)
Ш.Қалдаяқовтың «Сарыкөл», «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр», «Ақ бантик», «Әнім сен едің», «Менің Қазақстаным» т.б. көптеген танымал әндері бар. Шәмші Жәмила апаймен отбасын құрған. Екеуінен Мұхтар мен Әбілқасым атты екі ұлы бар.
3. Сергіту сәті.
«Шәмші» сөзжұмбағын шешу.
1) ... қолы көпке ортақ.
2) Ұстаздан ... озады.
3) Өнерлі бала ... .
4) Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон ... .
5) Жігіт адамға ... өнерде аз.
Шәмшінің «Ана туралы жыр» әнін тыңдату.
4. Сабақты қорытындылау.
- Әннің құдіреті дегеніміз не?
- «Тау мүлгіп» сөзін қалай түсінесіңдер?
- Шәмші Қалдаяқовтың қандай әндері бар?
5. Үйге тапсырма.
«Аққұстың қуанышты әні» тақырыбына сурет салып келу.
6. Бағалау.
- Оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
- Күнделікпен жұмыс.
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Make (16.08.2012) | Автор: Қожаберген Мөлдір E
Просмотров: 6105 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz