Пятница, 19.04.2024, 16:51
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Қол орамал дайындау
3 – сынып
Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Қол орамал дайындау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қол орамалдың жасалу жолын үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға орамал жөнінде мағлұмат бере отырып, қол орамал жасату.
Дамытушылық: Оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Қол орамал үлгілері, қауіпсіздік ережесі
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
2. Жаңа материалды меңгерту.
- Оқушылар, бүгін біз «Әшекейлі қол орамалдарды» жасап үйренеміз.
- Қол орамалдың жасалу ретін айтып өтейін.
1) Тор көзді орамалдың жиектерінен 3 – 4 жіптен суырып, шашақтап аламыз.
2) Содан кейін орамалдың бетін тең бөліктерге бөле белгілеп, бір жіптен суырып аламыз.
3) Сонда орамал бетінде шаршы, тіктөртбұрыш өрнектерімен көмкерілген қарапайым өрнектер шығады.
- Ендеше, жұмысымызды бастайық!
Ағымдағы нұсқау.
- Сабаққа арнаулы киіммен келу (алжапқыш, телпек)
- Құрал – жабдықтарды ретке келтіріп отыру
- Тек дұрыс құралдармен жұмыс жасау
- Инені ауызға салуға болмайды
- Инеге жіпті өте ұзақ сабақтама
- Инені киімге шаншып қойма
- Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама
- Екінші адамға қайшыны сабы жағымен бер
- Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой
3. Сергіту сәті.
«Құрақ» сөзжұмбағын шешу.
1. Жұмыста оны көремін,
Қиып, қырқып жүремін.
Тек өзіме керегін,
Ойып алып жүремін. (Қайшы)
2. Тал басында түсініксіз отау (Ұя)
3. Гүлге қонады,
Шырынын сорады (Ара)
4. Өңсіз дәмді
Барша адам семіреді,
Жинап әлді
Бойға қуат сіңіреді (Ауа)
5. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады (Қоян)
4. Сабақты қорытындылау.
- Біз бүгін не жасапе үйрендік?
- Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
- Қол орамалды дайындау реті қалай екен?
- Тіге білу адам баласына керек пе?
5. Үйге тапсырма.
Алжапқыш тігіп келу
6. Бағалау.
Оқушылардың жасаған бұйымына қарай, өзара бағалатамын.
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Make (16.08.2012) | Автор: Қожаберген Мөлдір E
Просмотров: 4336 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz