Четверг, 25.04.2024, 23:15
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

С.Мұқанов «Есіл бойында»
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші
орта  мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғлімі
филология магистрі  Амирханова Сара Бекетқызы

Сабақтың тақырыбы : С.Мұқанов «Есіл бойында»
Білімділік мақсаты:
Оқушыларға қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі С.Мұқановтың
өмірі мен шығармашылығын таныту.Өмібаяндық шығармасы "Өмір мектебі "романынан алынған үзіндідегі хазақтың халық әні жайлы ой-пікірін насихаттау.Халық әндерін шығу тарихымен оқыту,сазымен тыңдату арқылы өнерге,әнге деген көзқарастарын ұғындыру,шыңдау.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке баулу, қазақтың халық әндерін тыңдай білуге үйрету,жеке тұлғаны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:
Жеке тұлғаны  шығармашылықпен  жұмыс жасауға өз ойын еркін жеткізе білуге ,ерік –сезімін дамытуға,тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеп , дамыту
Түрі: Шығармашылық сабағы
Әдісі: СТО,ақпараттық-комуникациялық технология,еркін жазу,сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс: География,тарих,қазақ тілі,әдебиет теориясы.
Көрнекілігі: слайдтар,сызбалар,сөзжұмбақ,суреттер,шығармалар,карта,Интербелсенді тақта
1.Мотивация кезеңі,  Шаттық шеңбері
-Әрбір адам
-Туысым,досым ,жұрағат
-Әрбір сабақ
-Үйрену, ұғу ,ұлағат
-Әрбір ісім
-Тірлік ,тірек,адамдық
-Әрбір сөзім
-Шындық,бірлік,адалдық
Оқушы білімін бағалау шарттары:
Танымдық ой - өрісі
Шығармашылық қабілеті
Сөйлеу мәдениеті
Белсенділігі
Жаңалықты игеруі
2. Үй тапсырмасы ,жоспар бойынша әңгімелеу
  І бөлім "Есіл өлкесі”:
                             1.Есіл өлкесінің сағымы(Нұрберген)

                             2. Шалғыны мен жеміс-жидегі (Саида)

                             3. Тоғайы (Бекболат)

                             4 .Есіл өзені(Еркебұлан)

                            5.Түрлі құстардың әр әуендегі  хоры(Нұртай)

І.Қызығушылықты ояту-жаңа білімге бойлату
Сөзжұмбақ "Табиғат”(интербелсенді тақта арқылы)(оқушы дайындаған)
1. Түрлі әуенмен хор салушылар?
2.  Шығарманың алғашқы бөлімі не  жайында?
3. Үзінді  қалай аталады ?
4. Тіл үйірер-жеміс?
5. "Теңселіп тыныш күйде тұрады” деп жазушы нені суреттейді?
6. Әдебиет теориясында табиғат көрінісінің суреттелуі?
7. Жасыл желекке оранып мұнартып тұратын не ?
Жаңа тақырып
ІІ бөлім. " Шығарманы тану-жаңа білім табу”
Сабақтың тақырыбы: "Есіл бойында” С.Мұқанов              "Халық әні”.  2-бөлім
Сабақтың ұраны: "Халық әні-бай қазына”
Тақырыбы:Халық әні ,Мырзатайдың әншілігі.
Идеясы: Халық әнін насихаттау,ән сөзіне мән беру керектігі ұғындырылды.    
Жоспары:
1. Мырзатайдың білетін әндері(Әншілер жайлы деректер берілді ,интербелсенді тақта)
2. "Есіл тасып барады "әні (Әнді үнтаспадан тыңдады
   Орындаушы З.Қойшыбаева)
3. Әннің шығу тарихы (Мазмұны әңгімеленді)
4 .Әннің орындалуы
5 .Жазушы пікірі("Өмір мектебі” романынан көрсету,үзінді 2  кітапта)
"Есіл тасып барады” әнінің сөзі
Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауды жаңбырмен араласып,
Ауылымның тұсында ақша шатыр,
Ашуланып кетті де біздің батыр.
Шошып тұрып,орнымнан іздеп келсем
Әсем басқан сал қоңыр ізі жатыр
Топырақтан жаралған қайран дене
Жаны бірге тән басқа болды неге.
Қатты өкпелеп шынымен кетті ме деп,
Бір тимеді кірпігім кірпігіме.
Өз атың-Мұратбек, әкең-Шүрек,
Сені қос деп құдайдан қылдым тілек.
Осылайша екеуміз болғннан соң,
Бір жаралса қайтеді қолқа жүрек.
Ғаламтормен жұмыс(оқушы ізденісі)
Әңгімеде кездесетін әншілер
Құлтума Самұратұлы -1860 жылы Ақмола облысы, Қорғалжың ауданы, Атбасар деген жерде дүниеге келген. Әндері :”Дөңбек ", "Демалыс”. Әндерін Қ.Байбосынов орындап жүр.
Ғазиз Файзоллаұлы -әнші, ақын.Ақмола облысы Қара өткел деген жерде дүниеге келген.Әндері "Мұқыш қыз” "Қарақат”,”Қарағайлым.
Жаяу Мұса Байжанұлы -(1835) Кереку облысы, Баянауыл ауданы, Ақшоқы деген жерде дүниеге келген, халық композиторы.Әндері :”Ақсиса,” "Тұтқын зары"
Естай Беркімбаев -1874 ж.Кереку өңірі Екібастұзда дүниеге келген.әнші-ақын.
16-18 жылдары Есіл,Ертіс,Баянауыл төңірегіне өтежақсы  танылған.Әндері :”Назқоңыр,” ”Хорлан,” Қоштасу”
Қанапия Басқырұлы -1870 ж Қостанай облысы Семиозер ауданында туған,қазақтың әнші-композиторы. Әндерін Ж.Елебеков,Ғ.Құрманғалиев  орындаған.

Тұлғаны,шығарманы  танып біл  (ой өрбіту)
Өмір мектебі "романынан алынған.Бұл жазушының ең басты шығармаларының бірі,трилогия,үштік жинақ.Шығарма қазақ халқының  қазан төңкерісі тұсындағы
тарихын ұлттық болмыспен тұтастыра бейнелейді.Кітаптың алғашқы тараулары”Менің мектебім” 1930 жылыжарияланды.Кейін қайта жазылып толықтырылып,"Өмір мектебі"1,2 -1955ж,3 кітабы-1964 жылы жарияланды."Өмір мектебі”– жазушының суреткерлік зор табысы.Бұл шығарма көптеген шетел тілдеріне аударылған.Осы кітабы үшін 1968 ж ҚАЗ ССР мемлекеттік сыйлығы берілген.
1.Озат оқушы Әметова  Гүлайхан С.Мұқанов өмірі мен шығармашылығынан реферат қорғады.
2.Озат оқушы Бисенғалиева Альбина қазақ әдебиетінің  "Электрондық оқулығы”
арқылы әңгімелей отырып, тест тапсырмасын  орындады.
Ұлы Абай атамыз :
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер  қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең-десе
Құлақтан кіріп бойды алар ,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй-дейді.
Музыка-әуенмен лайықталған сөз өнері.Ауыздан-ауызға тарап тез жатталады.Ән-өлеңді 2-ге бөліп қарастырамыз.
Халықтық  ән- өлең - яғни нақты кім шығарғаны белгісіз,ондай әндерімізге :” Әупілдек”,”Қарғаш”,”Дедімай-ау”
2)әдеби ән-өлең авторы белгілі шығармалар:  "Құлагер” Ақансері,Абай "Сегізаяқ”
Ән өнерінің тарихи-ескі дәуірден басталады.Ақындар көне Грецияда (б.з.б. VII-Vғ) тұрмыстық,діни,сүйіспеншілік әндерін шығарған.Ал орта ғасырларда Англия,Франция,Германия,Ресейлерде жалғасын тапқан.Ал бұл өнер бүгінгі XXI ғасырда да өркендеу үстінде.Бүгінгі біздің тақырыбымыз да осы әнге байланысты өрбімек.
Сабақ үстінде ғаламтормен жұмыс:
Есіл өзені картадан көрсетіліп,жаңа қала жайлы деректер берілді.
І.Оқулықпен жұмыс :
 ”Белгі қойып оқу” +білемін, Ү -  жаңалық, -білдім,? – зерттеуді қажет етеді
ІІ.Концептуальды кесте

ІІІ.Өнер жайлы мақал-мәтелдер айту
IV. Әдебиет теориясымен жұмыс:
1. Әңгіме,роман
2. Портрет оқулықтан тауып оқы
3. Диалог
4. Кейіпкер
5.  Пейзаж
 6. Лирикалық шегініс -Әдеби шығармада оқиға желісін кенет үзіп,өзі жайлы немесе өзінің көңіліндегі басқа нәрсені айтып беру.Бұл шығармада Есіл табиғатын суретеп келе жатып,Мырзатайдың әншілігіне ,ән тарихына ауысып кетеуімен көрінеді.

7. Зерттеу- салыстыру
1.Ж.Аймауытовтың "Әнші”әңгімесімен
2 .І.Жансүгіровтің”Әнші” өлеңімен              
3. Озат оқушы Н.Қарипова реферат қорғады.
ІІІ.Бөлім
Ой толғаныс-қиялдағы қозғалыс
 Тақырыбы:”Менің шығармадан алған әсерім”(компьютерде орындады)
Ойтолғаулар:Саида:    
Маған бұл әңгімедегі Есілдің тамылжыған тамаша табиғатты суреттелген жері қатты ұнады,өйткені,үйірер жеміс-жидегі,шалғыны,тіпті сағымы да көз алдымызға елестеп,көңілді жадыратады.Ал Есіл өзені тасуға бейім екен,біздің ауылдағы өзендерден ерекшілігі осы екен ғой.Болашақта әсем Астанаға барып,қаланы қақ жара ағып жатқан Есілді көрсем деп арман етемін.
Нұрлан:Сәбит аға!Сіздің «Есіл бойында»әңгімеңізбен танысып,үлкен рухани байлық жинағандай болдым.Өйткені,бүгінгі ұрпаққа халық әнінің шығу тарихын,Есіл бойының тамаша табиғатын шебер таныстыра білдіңіз.Мен бүгінгі жас ұрпақ,еліміздің ертеңгі болашағы сізге ризашылық алғысымды айтқым келеді.«Жақсының аты,Ғалымның хаты өлмейді.»деген аталы сөздің мәнісін сіздің шығармаңызды оқып ұққандаймын.
Нұрберген:Маған әннің шығу тарихы,Мырзатайдың әншілігі ұнады.
Өйткені,Мырзатайдың әдемі дауысы Есіл өлкесінің тамаша табиғатымен астасып жатыр емес-пе?Мырзатай-жай әнді орындаушы емес,сол әннің шығу тарихын білетін талантты тұлға.Әннің , өнердің қасиетін әдеби көркем шығарма арқылы білсек,екеуінің егіз дүниедей екндігін ұғынғандай болдық.
Сұрақ-жауап
.*"Халық әндері әр пікірден құрылған қойыртпақ” деген пікірге толық қосылуға бола ма?(Ауызша пікір)
.* Халық әндерін орындаушылардан кімдерді білесіздер?(Ауызша пікір)
.* Әншілік  өнер тарихы жайлы қандай телебағдарламаларды білесіңдер? (Ауызша пікір)
Қорытынды
"Бес жол өлең "стратегиясы
"Ән” сөзі                                                                   Мысалы:
1. зат есім                                                                    Ән           
2 .сын есім                                                              сазды,бейнелі
3 .етістік                                                                елітеді,көңілдендіреді,билетеді
4 . мағыналы сөз                                                    Ән-көңілдің ажары .
5. зат есімге синоним                                               өлең
Үй тапсырмасы:
1. Әңгімені толық оқу(міндетті)
2. Мазмұнын тезистеп жазып келу(міндетті).
3 Халық әндерінің шығу тарихы жайлы ізденіп, жазу(ғаламтормен жұмыс)  ( мүмкіндік деңгей)
Кейіпкерге баға беру:
Кейіпкер                    бағасы                       Оқушыларды бағалау
Мырзатай        Жүрегі -әннің ұясы          5 оқушы-5 , 5 оқушы-4
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
 
              Өмір мәңгі болса ашық аспандай
              Ән тербетер жүректерді жасқанбай,
              Әдебиет пен ән де егіз өнер ғой
              Шәкірт жүрек бүгін соны ұққандай.

Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Әдіскер (03.08.2012) | Автор: Амирханова Сара Бекетқызы E
Просмотров: 15920 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 1
1 ьь  
0
базара нет спс

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz