Пятница, 29.03.2024, 10:15
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Жарылқасын Гауһар Айболатқызы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті №170 орта мектебі

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ  АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Қазіргі болып жатқан саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр.Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген  және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр.
Сол себепті болып жатқан білім беру саласындағыөзгерістерге, қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде өзекті мәселе.
Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарын дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі.            Маман үшін ол – қалыптасқан кәсіби іс – әрекетіне өзгерістер енгізу, өз тәжірбиесін басқа нақты адамдардың, қоғамда жинақталған тәжірбиемен байланыстыру, біріктіру, кәсіби құзырлықты қалыптастыру.
Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың ақпараттық құзыреттілігін дамыту деңгейіндегі, үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру ісін жаңаша ұйымдастыруды талап етуде.Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін , тәжірбиесін молайту жағдайына қоя білу болып отыр.Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады.
Ең алдымен біз оқушылардың психологиялық ұстанымдарын ескере келе, сыни ойлауды дамыта отырып ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған, білімнің мазмұндық функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай оқыту сапасын арттыру.
1. Мотивациялық кезең
Қарастырылуға тиісті мәселе төңрегіндегі бастапқы білім деңгейлерін анықтау.
Мәселені әр қырынан талқылау;
Әр түрлі идеялар, көзқарастарды ортаға салу;
Тәжірбиемен алмасу;
Белсенді оқу әрекетіне ынта – ықылас туғызу;
2. Жаңа ақпаратпен жұмыс
Қалыптасқан кәсіби көзқарастарды өзгертуге бағытталған жұмыстар.
Теориялық білімдерді меңгеру;
Өз тәжірбиесін басқалармен позициясымен салыстыра отырып, коррекция жасау;
Жаңалықтар, болжамдар таба білу;
3. Жаңа кәсіби көзқарастар қалыптастыру
Әрекеттің жаңа түрлерін меңгеру;
Жаңа шығармашылық ойлардың тууы;
Жаңалықты практикада қолдану;
Рефлексия.
Жаңа мақсатқа сай түзілген оқу құрлымы мен мазмұнында логикалық жүйелілік сақталады.Іс – әрекетті жаңа ақпараттар жайлы идеялар жинақтаудан басталып, шешім қабылдаумен аяқталатындай етіп жоспарланады.
Мақсаткерлік ақпараттық құзыреттілікті дамыту, мәселенің идеясын ашу, оны шешудің жолдарын, құралдарын белгілеу, жаңалықты жан – жақты талдап, практикада қолдана алу сияқты әрекетерді қамтиды.Ашық қойылған мақсат нақты нәтижеге әкелетін алғашқы қадам.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық- рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындайды.
Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады.Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» ақпараттарды өңдеу керек болады.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.
Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да , сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі,Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.
Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі.
 Басқалармен таласып оқығанда , талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз.Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың ақпараттылық құзыреттілігін дамытуда  басты құрал болып табылады.
Ақпараттық құзыреттілік
Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға;
Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:
1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
2)Алғашқы ақпаратты алу:
Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;
Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;
Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.
3) Ақпаратты екінші қайтара алу:
Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
4) Ақпаратты алғашқы өңдеу:
Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді
5) Ақпараттарды өңдеу:
Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;
Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.
А.Қ.Ш. Мичиган штатында Хоуп колледжінің америка әдебиетінің мұғалімі Дэвид Клустердің ұсынған анықтамасы бес пунктен тұрады :
Біріншіден,  сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу  сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілген пункті болып табылады.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау  сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
Төртіншіден,  сын тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сын тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар, ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының  бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.
Бесіншіден,  сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар  ортаға салынғанда тексеріліп,  өткірлене түседі немесе философ Хана Арендттің жазуынша «тек кімде кімнің қатысы болғанда ғана кемелге жетуге болады». Басқалар таласып оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда  немесе ой бөліскенде біз көзқарасымызды дәллдеп, оған терең  бойлай түседі. Сыни тұрғыдан ойлау анықтымасының бес пунктінің  барлығы оқу әрекетінің кез келген  түрінде орын алуы мүмкін.
 Қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге  сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның  тиімділігі – оқушының құзыреттілігін  арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:  
1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті  қарым-қатынас орнауы.
3.Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.
4. Алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу.
5. Оқушыны  ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.
6. Бірін –бірі сыйлауға баулуы.
7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
8. Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы.
 



ӘДЕБИЕТТЕР:
1. С.Мирсеитова мен Ә.Іргебаева «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы 2006
2. Ж.А. «Методологические основы совершенствовование педагогической системы обучения в школе»
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Әдіскер (03.08.2012) | Автор: Жарылқасын Гауһар Айболатқызы E
Просмотров: 15849 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Мейрамгуль  
0
хабарламаны тірек сызба ретінде көрсетсеніз әлде қайда тиімді болушы еді

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz