Пятница, 26.04.2024, 16:07
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Тәрбие бастауы

Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ меңгерушісі
Капина Рабиға Кенжебекқызы

Тәрбие бастауы

«Тәрбие тал бесіктен басталады» деген дана халқымыз. Демек, баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін бірден бір орын – балабақша. Тек қана отбасындағы тәрбие баланың жан – жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына аздық етеді. Сондықтан, бала дамуының негізгі баспалдағы деп, біз ең алдымен балабақшадағы тәрбиені қалыптастыруымыз қажет.

Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырып дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Бала неғұрлым көпшіліктің ортасында болса, ол соғұрлым көпшіл де, жан – жақты болып жетіледі. Көпшіліктің арасындағы тәрбие баланы бірден еңбексүйгіштікке қалыптастырады, өйткені ол өз еңбегінің жемісін үнемі басқалармен салыстыра отырып, айқын да анық өзін- өзі бағалайтын ортада өседі. Ал, бала үшін өз еңбегінің жетістіктерін сезінуден үлкен қуаныш болуы мүмкін емес. Оны тоқтаусыз алға жетелеп, үнемі жетістіктерге жеткізетін де осы күш. Жас жеткіншіктерге білім мен тәрбие негізін қалай отырып, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымының ұжымы да жас ұрпақ бойына өнер – білімге, елінің ар – намысын қорғауға, және ізгі адамгершілік ниеттерге баулуда аянбай еңбек етіп келеді. Мектепке дейінгі ұйым 150 орындық, 6 топ жұмыс жасайды. Жас бүлдіршіндерге 17 педагог білім мен тәрбие нәрін себуде. Олардың 14-і жоғары білімді, 3-і арнаулы орта білімді. Балабақшамыз мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша оқу – тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Бала денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу - балабақшаның күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.

Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана- сезіміне өз елінің , жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. Сондықтан бізде 6 топта қазақтың ұлттық мәдени бұрыштары бар. Бала бақша бүлдіршіндері болашақта ата – дәстүрін сақтайтын инабатты да ибалы үлкен – кішіні сыйлайтын тұлға болып өсуін қалаймыз.

Тәрбиеші қиындығы да, қызығы да мол өнер өлкесінің көш бастаушысы десек те болады. Сол көшінің сәні мен сапасы балаға тәрбие мен білім нәрін сіңірген еңбегінің нәтижесінен аңғарылары сөзсіз. Сондықтан, өмірге келген

жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша ұстаздарының қасиетті борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе.

Бойында ұлттық сана қалыптасқан, халқының әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерін көңіліне тоқыған, дені сау, шымыр да шыныққан сымбатты, өз тілін білетін, рухани байлығы мол жан –жақты азамат тәрбиелеу тәрбиенің алғы шарты болып табылады.

Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Әдіскер (03.08.2012) | Автор: Капина Рабиға Кенжебекқызы E
Просмотров: 1423 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz