Вторник, 16.04.2024, 21:19
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару
Пәні: физика /7 сынып/
Пән мұғалімі: Көбекова Әйгерім Кетебайқызы
Сабақтың тақырыбы: Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру, қуат және жұмыс өрнектері арқылы есептер шығара білуін бағалау.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, таным белсенділіктерін дамыту, есепті өз бетімен шығаруға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: ойын, сәйкестендіру тесті, физикалық диктант
Сабақтың көрнекілігі: таратпа, мультимедиалық проектор, компьютер, Power Point-та дайындалған слайдтар.
I.Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.
1.Механикалық жұмыс дегеніміз не?
2.Қуат дегеніміз не?
3.Қуатты қалай есептеуге болады?
4.Істелген нақты жұмысты қалай есептеуге болады?
5.Күш дегеніміз не?
6. Жылдамдық дегеніміз не?
II. Есептер шығаруға дайындық
"Ойлан тап"ойыны.
Бұл сабақтың сұрағы Ойлайық азырақ,
Көпшілікке ұнады, Уақытыңды үнемдеп.
Көп нүктенің орнында Кім шығады кәнеки,
Қандай шама тұрады. Жауабын «мен»білем деп.
1. ... жол
2.... күш
3. ... =υ•t жол
4. уақыт
5. ... тығыздық
6. жұмыс
IІІ. Есептер шығару
"Шапшаңдық" ойыны.
1.Гранит тастың массасы 6,5 т, тығыздығы 2600 кг/м³ граниттың көлемі қандай? (2,5 м3)
2.36 км/сағ-ты м/с-пен өрнекте? (10 м/с)
3.Дененің 5 с ішінде жүрген жолы 10м. Жылдамдығын тап? (2 м/с)
4. Қуаты 5 кВт двигатель 30 мин ішінде қандай жұмыс істейді? (9000 кДж)
5. Салмағы 40 Н денені 120 см биіктікке көтеруге жұмсалған жұмысты табыңдар. (48 Дж)
6. Көлемі 20 дм2 болат құймаға әрекет ететін ауырлық күшін табыңдар.(156 Н)
ІV. Сабақты бекіту
Физикалық диктант.
1. Масса қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?
2.Тығыздықтың өлшем бірліктерін ата.
3.Күштің қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?
4.Көлемнің өлшем бірліктерін жаз.
5.Қуаттың өлшем бірліктерін жаз.
6. Жұмыстың өлшем бірліктерін жаз.
Ү. Сәйкестендіру тесті.
Мыналардың сәйкестігін табыңдар:
1.Жылдамдық а)м³
2.Масса ә)м/с
3.Көлем б)кг/м³
4.Тығыздық г)кг
1.Жылдамдықтың формуласы а)
2.Тығыздықтың формуласы б)
3. Қуат формуласы в)ρ=m/V
1.Жол а)кг
2.Күш ә)Н
3.Уақыт б)км
4.Масса г)с

VI. Қорытынды
Сөзжұмбақты шешу.
1 д и Ф ф у з и я
2 И с а а к
3 қ о З ғ а л ы с
4 д е ф о р м а ц И я
5 К ү ш
6 А т о м
1. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын не деп атайды?
2. Ағылшынның ұлы физигі Ньютонның есімі кім?
3. Грекше «кинетикос» сөзінің қазақшоа баламасы қандай?
4. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін не деп атайды?
5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама қалай аталады?
6. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
VII.Бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.
ҮІІІ.Үйге тапсырма.Есептер шығару, қайталау
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: айка (05.08.2012) | Автор: Әйгерім Көбекова E
Просмотров: 1956 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz