Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер - Жаңа сабақтар - Новые уроки - Сабақтар-Уроки - Әдіскер - Ұстаздың ең жақын көмекшісі
Суббота, 10.12.2016, 15:40
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Статьи » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
3 – сынып
Дүниетану пәні
Сабақтың тақырыбы:
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің тіршілік ету ортасының ерекшелігін анықтау, олардың сол ортаға бейімделуде мүшелерінің ерекшелігіне назар аударту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Өсімдіктерге қажетті жағдайларды еске түсіре отырып, өсімдіктің тірі ағза екендігін ұғындыру.
Дамытушылық: Өсімдіктердің топтарын ажырата білуге, оларды топтастыруға үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды қоршаған ортаны күтуге, оны аялап қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: өсімдіктердің суреттері, презентация слайдтары.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа назар аударту. Сабақ тақырыбын, мақсатын, өту барысын хабарлау.
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Өлі табиғатқа не жатады?
- Тірі табиғатқа не жатады?
- Ендеше, біз бүгін осы өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі жөнінде әңгімелейміз.
2. Жаңа материалды меңгерту.
Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Бірінші суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті топырақта өседі.
Екінші суреттегі жалбыз, күреңот, жоңышқа да ылғалы жеткілікті топырақта өседі. Осы өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына және жоңышқаның тамырына көңіл бөл. Топырақтың өне бойында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген, жапырақтарында қақпақты саңылаулары болады. Артық суды сыртқа буландырған кезде ол қақпақтар ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Әрі өсімдік тыныс алады. Бұл сияқты өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер дейді.
Енді мына суреттегі өсімдіктердің жапырағын, тамырын, сабағын ылғал сүйгіш өсімдіктермен салыстырайық. Жантақ пен сүттіген ауасы мен топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында болады. Жантақ тамырының ұзындығы 15 – 20 метрге жейін болады. Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ, әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақшылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді.
Ал, сүттіген өзінің қысқа, тарамдалған тамыры арқылы түнгі салқында топырақтың бетінде пайда болған шықтан және сирек те болса жауған жаңбырдан ылғал сіңіріп алады. Сүттігеннің жапырағы қалың. Сондықтан суды аз буландырады. Бұл өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
3.Проблемалық сұрақ.
А) Балалар, қалай ойлайсыңдар, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер тобына жатқызуымызға бола ма? Неліктен?
Б) Ылғал сүйгіш немесе құрғақшылыққа төзімді өсімдік екенін дәлелдеп, түсіндіріп беріңдер. (сурет бойынша)
4.Сергіту сәті. СЕН БІЛЕСІҢ БЕ? ойыны.
Оқушылардың қызығушылығын ояту, танымын кеңейту. Ойынның шарты: оқушыларға белгілі бір сөз беріледі. Сол сөзді оқушылар орысша, ағылшынша тілге аударады. Мысалы: адам – человек – people.
1. Гүл – цветок – flower
2. Су – вода – water
3. Күн – солнце – the sun
4. Алма – яблоко – apple
5. Алмұрт – груша – pear
6. Банан – банан – banana
7. Жапырақ – листь – sheet
8. Өсімдік – растения – plant
9. Саңырауқұлақ – грыбок – fungus
10. Мектеп – школ – school
11. Оқушылар – ученики – children
12. Мұғалім – учитель – theather
13. Кітап – книга – book
14. Дәптер – тетрадь - copybook
15. Қалам – ручка – pen
16. Көлік – машина – car
17. Үй - дом – hause
18. Отбасы - семья – family
19. Дос – друг - friend
20. Ағаш – деревья – toll
5.Сабақты қорытындылау.
1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді атаңдар.
2. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді атап беріңдер.
3. Егер осы өсімдіктердің тіршілік ету ортасын ауыстыратын болса, ары қарай өсе ала ма?
4. Ылғал сүйгіш өсімдіктердің белгілері қандай?
5. Жантақтың тамырының ұзындығы қанша метр?
6.Үйге тапсырма.
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері мен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер тақырыбын оқып келу, мазмұндау, суреттерін салып келу.
7. Бағалау.
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Make (16.08.2012) | Автор: Қожаберген Мөлдір E
Просмотров: 2013 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2016
Сайт управляется системой uCoz