Четверг, 28.03.2024, 17:01
Приветствую Вас Гость | RSS

www.adisker.kz

Форма входа
Cөздік-Словарь
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Статистика

free counters

Сабақтар-Уроки

Главная » Файлы » Жаңа сабақтар - Новые уроки

Мемлекеттік тіл-менің тілім!
03.08.2012, 23:32
Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі(орыс сыныптарында)
Медиева Бахыткул Жамбылбайқызы

Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде. Н.Назарбаев.

Сабақтың лексикалық тақырыбы:Бауыржан Момышұлы.(9 сынып)
Сабақтың грамматикалық тақырыбы:Сөз өнері,тіл мәдениеті.
Мақсаты:а)өтілген материалды пысықтай отырып,жаңа сабақпен ұштастыру.Бауыржан Момышұлының өмірбаянына қысқаша шолу жасау,ұлағатты сөздерінің мазмұнын түсіндіру,ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.
ә)Тіл мәдениетін сақтап,тіл байлығын молайту,ойлау қабілетін дамыту.
б)Ана тілін жетік меңгеріп,мақал-мәтел,өлең-жырлар жаттай отырып әдет ғұрыпты сақтай білуге,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі:аралас сабақ
Көрнекі құралдар:Үлестірмелі қима қағаздар,топ жетістіктерін белгілейтін көрсеткіш,мақалдар жазылған плакат.
Сабақтың барысы:
І)Ұйымдастыру кезеңі:1)Сынып оқушыларымен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
а)оқушылармен амандасу
ә)сынып оқушыларын тугендеу
б)оқушалардың сабаққа дайындығын қадағалау
(оқушылар екі топқа бөлінеді)
2)Үй тапсырмасын тексеру.
"Билер айтқан екен"(екі топқа тапсырма,ой-толғау,әңгімелеу)
"Үш бидің шешендік сөздерін" жатқа айту(103 бет 1-тапсырма)
"Сөз өнері"мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер (104 бет,3-тапсырма)
сұрақтар:1.Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің қай түрінде жиі кездеседі?
2.Қазақ тарихындағы қандай ұлт шешендерін білесіңдер?
3.Сөз өнері мәдениеті қалай жасалады?
3.Жаңа сабақ түсіндіру.
1.Кіріспе сөз.
Оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірбаянынан қысқаша шолу(слайд 1,2 көрсетіліді)
Момышұлы Бауыржан-екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,халық қаһарманы,қазақтың көрнектіжазушысы.Ол 1910жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін ьіраз уақыт мұғалім болған.Сонда жүргенде кезекті әскері міндетін өтеуге шақырылып,онда бір жарым жыл жүріп,запастағы командир атағын алады.Туған ауылына қайтып оралған соң,ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып,түрлі әскері бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысымен,Бауыржан даңқты генрал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады,батальион.полк командирі қызметтерін атқарады.Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
4.Оқулықпен деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма.
Ұлағатты сөздерді түсініп оқып,есте сақтаңдар.Шартты бағыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып,синтаксистік талдау жасаңдар.
1.Жақсы сөйлеу-жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз.
2.Сөз өнері,сөз жоқ, ардың ісі.
3.Адам сөзді тыңдай білген жағдайда ғана шешен болады.
4.Не қажет болса,соның бәрін айту,артық сөз айтпау-нағыз шешендік деген сол.
5.Тіл неғұрлым қарапайым болса,ол соғұрлым тартымды,көркем болады,соғұрлым жақсы ұғына аласың.
6.Бұл дәуірде өз тілін,әдебиетін білмеген,қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.
7.Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды.
8.тіл байлығы,тіл тазалығы-ұлт қасиетінің,салт-санасының негізгі белгісі.
2-тапсырма.
Б.Момышұлының сөздерімен танысып,үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
1.Ежелден,атам заманнан тіл-елдің мәдениеті,әдебиеті өсіп-өнуі,отбасындағы тіршілігінен бастап,қоғам,халық,ел-жұрттың,жалпы мәдениеттің арнаулы құралы-ғылымның атаулы саласы екендігі даусыз.
2....Тіл байлығы-елдің елдігін,ғылыми әдебиетін,өнер-кәсібін,мәдениетін,қоғамдық құрылысын,салт-санасының,жауынгерлік дәстүрінің,мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелі.
ІІІ-деңгей(І-топ)
1.Сөйлемдерді жазып,жалғаулардың түрлерін ажырытыңыз.
2.Осы сөйлемдерден сұрақ құраңдар.
ІІ-деңгей(ІІ-топ)
1.Сөз түрлендіруші және сөз тудырушы жұрнақтары бар сөздерді екі бағанаға теріп жазыңдар.
2.Осы сөйлемдерді қалай түсінесіңдер?
3-тапсырма.
Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
І-топ. ІІ-топ.
Шешеннің тілі.... Тіл кеспек .....
Басқа пәле ..... Сөз сүйектен ....
Жақсы сөз .... Жеті түрлі білім .....
Өнер алды .... Ана тілі ой......
Шешен сөз бастар .... Тас жармаса ........

4-тапсырма.
Нақыл сөздер сайысы(ойын шарты нақыл сөздерді көп айтқан топ жеңімпаз аталады)
5-тапсырма.
"Кім жылдам?"ойыны.(екі топқа ақ қағаздарға жазылған әріптерден зат есімдер жасау.)
(а,ә,б,в,г,ғ,д,....)
5-тапсырма.
"Сүйемін туған тілім-анам тілін."
1Тіл-халықтың байлығы.-(ағылшын,орыс тіліне аудару)
2.Әр халықтың ана тілі-білімінің кілті.(орыс тіліне,ағылшын тіліне аудару)
3.Мұралардың ең қымбаттысы-сөз.(орыс,ағылшын тіліне аудару)
4.Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт.(орыс,ағылшын тіліне аудару)

6-тапсырма.
"Мақал сөздің атасы"
1.Ата-шеше
2.Жақсы-жаман
3.Білген-білмеген
4.Жер-бесік
7-тапсырма.
"Ойлан-тап"
Суреттен зат атауын абу.
(слайд)
5. Бағалау.
6. Сабақты қорыту.
7.Үйге тапсырма. 106 бет 3-тапсырма."Б.Момышұлы"деген тақырыпқа реферат жазу.
Категория: Жаңа сабақтар - Новые уроки | Добавил: Teacher
Просмотров: 5069 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 айнагуль  
0
сабағыңызға рахмет!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
www.edu.gov

Copyright MyCorp © 2024
Сайт управляется системой uCoz